Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің дамуына ықпал еткен БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқан БАҚ өкілдері марапатталды.

Жүлдегер болған БАҚ өкілдерінің қатарында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытуға үлес қосқаны үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық «Jambyl» телеарнасының журналисті Ильдар Гизатуллин Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын облыс көлемінде насихаттағаны үшін алғыс хат иеленді.

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ марапат иелерін шын жүректен құттықтай келе, жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болуына шын жүректен тілектеспіз және де еңбек жолдарыңызда шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы