Сонымен, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда ҚР Конституциясына сәйкес Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы өтеді.

Көптеген сарапшылар 2019 жылғы Президент сайлауынан кейін Парламенттің кезектен тыс сайлауы өтетіні туралы болжамдар айтқан болатын, бірақ ол расталмады.

Қазіргі Мәжілістің өкілеттілігі 2021 жылдың 25 наурызында аяқталады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 85 бабы, 2 тармағына сәйкес, Парламент Мәжіліс депутаттарының сайлауын Қазақстан Президенті белгілейді.

Ол Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 5 ай бұрын белгіленіп, 2 ай бұрын өткізілуі керек екенін ескерсек, кезекті Парламент Мәжілісінің сайлауы 2021 жылдың 24 қаңтарынан кешіктірілмей, сәйкесінше, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің сайлауын 24 қазаннан кешіктірмей белгілеп, қазіргі таңда сайлау науқанына барлығы дайындалып кетті.

Алдымызда келе жатқан сайлау барысы заң талаптарына сәйкес өтеді деген сенімдемін.

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі, дүнген ұлтының өкілі

Шербаев Бахром Солмазович