Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен кеңеске Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА Кеңесінің мүшелері қатысты.

Өз кезегінде Қырымбек Елеуұлы этностар арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа алаңдарын қалыптастыру, этникалық негіздегі кез келген жанжалды бейтараптандыру маңызды екенін атап өтті.

“Бүгін біз жаңа VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынып отырмыз. Мемлекет басшысы Ассамблеяның XXVIII сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, онда 9 депутат сайланады. Бұл сайлау алдағы жылдардағы этносаралық қатынастар саласында саясаттың тиімділігін аттыруы тиіс”, – деді ол.

Азаматтар үшін ең маңыздысы – әл-ауқаттың артуы. Республикамыздың экономикалық жетістіктерін әр қазақстандық сезінуі тиіс. Осындай ауыр жүкті арқалау – қажырлы еңбекті талап етеді. Сайлауға ҚХА тарапынан қатысатын депутаттар өз елі алдындағы міндеттерді ұмытпай, еліміздегі шешілмей жатқан мәселелердің түйінін тауып, қоғамның дамуына өз үлесін қосады деген үміттеміз!

Зуфаров Ибрагим Хуршудович,

Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік

этномәдени бірлестігінің мүшесі,

Ақсақалдар алқасының төрағасы