Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2020 жылдың қазан айында мектеп медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ерғазы Өтенұлы Тілеубеков, Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің мүшесі Ғайни Көшекбаева, Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрағасы Мейірбек Болатбеков, аудандық билер кеңесінің төрағасы, мектеп медиациясының жетекшісі, «Қызыл Жұлдыз» ауылының билер кеңесінің төрағасы Анарбек Еркінбаев, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері – АМК меңгерушісі Түргымбеков Жанатбек Әшімұлы, әдіскер Сабитбекова Разия Серікқызы, «Қызыл Жұлдыз» ауылдық округінің әкімі Нұрбаев өсер Әбдіжәлелұлы, Н.Ақшабаев атындағы ОМ директоры Сейдалиева Айсара Рашбайқызы, әкімшілік мүшелері, ата-аналар комитеті, ауыл жұртшылығының өкілдері, психологтар, әлеуметтанушылар, аудан мектептерінің тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі меңгерушілері қатысты.
Мектеп медиация кабинеті ашылғаннан кейін мектеп Медиация кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бұдан соң дөңгелек үстел отырысы өтті, оның барысында ауданда мектеп медиациясын одан әрі дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Сөз сөйлеген қатысушылар аудандағы медиацияның даму жағдайын талқылады. Аудандық сот төрағасы Ерғазы Тілеубеков өз сөзінде медиация қағидаттарына тоқталып: – Медиация – бұл аралық сот емес. Басты айырмашылығы-медиатор ешқандай жағдайда өзін пікірталастардан жоғары санамайды, оларға өз пікірін жүктемейді, ешқандай шешімге итермелемейді. Медиатор қарама-қайшылықты тараптарды белгілі бір шекараларда ұстайды, бұл олардың бір-бірін қорлауына, жеке тұлғаларға ауысуына, даулы мәселені талқылаудан бас тартуына немесе қатысушылардың біреуінің мүдделеріне нұқсан келуіне жол бермейді. Медиация процесінің мәні мынада, дауласушылардың өздері оңтайлы шешімге келуі керек, ол екі тарапқа да бірдей қатысты, ол барлық қатысушыларға түсінікті болуға тиіс, ал келісімдер олар тарапынан мүлтіксіз сақталуы қажет.. Сондықтан да болар мектептегі медиация қызметі көбінесе татуласу қызметі деп аталады. Медиацияның мақсаты-кінәлілерді іздеу емес, тығырықтан шығу жолын табу. Бұл оның арбитраждан, дәстүрлі сот талқылауынан басты айырмашылығы болып табылады, – деп атап өтті.
Өз сөзінде Ғайни Ақылбекқызы Көшекбаева да мектеп медиациясын ұйымдастыру қажеттілігіне баса назар аударып, мектеп социумы, оның ішінде: мектеп, отбасы және қоғам, ата-аналар, балалар, педколлектив екенін атап өтті.. мінезі, темпераменті, жасы, тәрбиесі, әлеуметтік жағдайы жағынан өте ерекшеленетін олардың әрқайсысының өзіндік дүниетанымы бар, оған сәйкес әрекет етілу керек екенін және барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, табандылықпен қорғауға дайын болуды айшықтап көрсетті. Мектептегі қақтығыстар болып тұратындықтан, ол дүрдараздыққа мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысады. Сондықтан, ең бастысы-барлық тараптар үшін ең аз шығындармен қақтығыстардан шығуды үйрену медиацияның басты міндеттерінің бірі екенін де тілге тиек етті.
Медиатор, Мектеп медиациясы кеңесінің төрағасы Анарбек Еркібеков екі адамның өз бетінше шеше алмайтын ең күрделі мәселелерді дұрыс шешу үшін үшінші тарап жиі шақырылатынын атап өтті. Бұл сот практикасының классикалық жағдайы: жанжалға қатысушылардың әрқайсысын кезек-кезек тыңдағаннан кейін, судья өз шешімін шығарады, тіпті егер ол мүлдем бейтарап болса да, барлық тараптарға әділ болып көрінуі екіталай (әйтпесе көптеген шағымдар қайдан пайда болады?!). Міне, үшінші тарап көмекке келеді, бейтарап тұлға-медиатор (лат. mediatio-Медиация).
Аудандық билер кеңесінің төрағасы Мейірбек Болатбеков қатысушыларға ауданның ауылдық округтерінде билер кеңесінің басшылары медиаторлармен бірлесіп тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісетінін, ал медиатор, «Қызыл Жұлдыз» ауылының билер кеңесінің төрағасы Анарбек Еркінбаев Мектеп медиациясы кеңесінің төрағасы болып сайланғанын, оған мектеп психологы Райхан Әбиева, Ақшабаев атындағы мектептің тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі меңгерушілері, ата-аналар комитетінің мүшелері, «Жас Ұлан», «Жас Отан» ұйымдарының белсенділері және т. б. кіретінін айтты. Ортақ күш-жігермен ғана «мектеп, отбасы және қоғам -болашақтың игілігі үшін екенін қайталап түсіндірді.
Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері-АМҮ меңгерушісі Жанатбек Тұрғымбеков, әдіскер Рәзия Сәбитбекова жиналғандарға мектеп медиациясын ұйымдастыру бойынша аудан медиаторларымен бірлескен алдын ала жұмыс жүргізі туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел отырысында осы мектепте ғана емес, ауданның басқа мектептерінде де одан әрі бірлескен жұмыс мәселелерін қарастыру талқыланды. Мектеп әкімшілігінің мүшелері: Бурыл, Амангелді атындағы, А. Сухамбаев атындағы, №1 мектеп-гимназиясы және т. б. аудан әкімінің орынбасары Дәуір Даулетовке, Иманова Салтанат, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығына ұйымдастыру мәселелерінде көмек көрсету туралы, облыстың ішкі саясат бөлімінің департаментіне, оның ішінде мектеп медиаторларын даярлау үшін дәріс ұйымдастыру өтініштері туралы және т. б. сұрақтар қойылды.

Облыс әкімі аппараты Қоғамдық келісім КММ
Баспасөз қызметі орталығы