«МАСЛЕНИЦАНЫ» ОЙДАҒЫДАЙ ӨТКІЗДІК!

Бүгін, Наурыз мейрамы қарсаңында «Шахристан»  мәдени-тарихи кешенінде әзіл-қалжыңдармен, ойындармен, частушка -әндермен және билермен «Масленица»  мерекелік шарасы көңілді өткізілді.

Сахнада театрландырылған қойылым, этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдарының, «Радонеж» Орыстар қауымдастығының «Калинка» вокалдық тобының, «Днепро»  Украин этномәдени бірлестігінің «Маричка» халық ансамблінің концерттік нөмірлері тамашаланды.

Бұдан бөлек,

«Веснушки»  қасықшылар ансамблі және басқа да оқу орындары — мектептер мен колледждердің шығармашылық ұжымдары, Жамбыл облыстық драма театрының әртістері және т. б.шығармашылық топтар да қатысты.

«Масленица»  мерекесінің ажырамас бөлігі —жәрмеңке. Іс-шараға келгендер тауарларды қызығушылықпен қарап, халық шығармашылығы шеберлерінің қолөнер туындыларын қуана сатып алды.

Мереке мәдениеттердің көрнекі тоғысуымен, өңірлік этномәдени бірлестіктер, түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен шын мәнінде полиэтникалық болып қызықты мерекеленді.

Бұл жолғы дәстүрлі «Широкая масленица»  мерекесі Наурыз мерекесіне арналған онкүндікте өтіп, «Наурызнаманың»  «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп аталатын бөлігімен астарласа өткізілді.

Мұндай іс-шаралар бірлік пен келісімді нығайтуға зор ықпалын тигізері сөзсіз.

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ДІН САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ СҰҚБАТ БЕРДІ

Биылғы жылдың 14 наурыз күні Тараз қаласындағы Достық үйінде Астана қаласындағы Конфессияаралық жəне өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мамандары этнос өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен эксперттік және тереңдетілген сұқбаттар өткізді.

Сұқбат барысында қоғам өміріндегі діни-этникалық фактор, өзара ықпалдастық, проблемалық аспектілер және даму үрдістері, Қазақстандағы діни білім беру түрлері, үлгілері, әдістері, мақсатты аудиториялары, діни және дінтанулық терминдердің қазақша-орысша-ағылшынша сөздігін әзірлеу сынды мәселелер төңірегіндегі сұрақтар қойылды.

Мамандарға Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінінің төрағасы Зайнуддин Махусеев және облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокинмен және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері сұқбат берді.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ МЕДИА СТРАТЕГИЯСЫ

ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық Келісім» РММ директорының орынбасары Әлия Сапарованың модераторлығымен 2024 жылдың 14 наурызында ZOOM платформасында әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізу бойынша онлайн-конференция өтті.

Онлайн отырысқа ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығының инспекторы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері қатысты.

Жиналыста әлеуметтік желілердегі этномәдени бірлестіктер, ҚХА қоғамдық құрылымдарының профильдерін жүргізу бойынша ұсынымдар талқыланды.

Шығармашылық пен сапалы контент арқылы аудиторияны кеңейту, ынтымақтастыққа танымал сарапшылар мен танымал блогерлер арасынан жаңа адамдарды тарту қажет екендігі айтылды.

Сондай-ақ олар трендтер, бірлескен авторлық, жазылушылар мен көріністер санын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру және әр облыста болуы тиіс студия мен оның жабдықтары туралы мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Журналистер клубының жұмысын уақыт талабына сай қайта жүйелеу жайы да сөз болды.

Жиын барысында ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының инспекторы Мұхтар Құлжан, ҚР МАМ ЭҚДК әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Гүлстан Алпысбай және Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Оразәлі Сәрсенов сөз сөйлеп, баспасөз саласындағы әріптестерінің алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс жұмыстарын ортаға салды.

Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

КӨРІСУ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ БАСТАУЫ

2024 жылдың 14 наурызында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде Амал мерекесіне орай «Көрісу күні» іс шарасы өтті.

Мереке Дулати халықтық студенттік – жастар театрының «Көрісу» күніне арналған театрландырылған қойылымымен басталды. Көріністен кейін ақ жаулықты аналар шашу шашып, көпшілікке бауырсақ таратты.

Шара барысында қатысушыларға Амал мерекесінің тарихы мен дәстүрі туралы айтылды. Концерттік бағдарламаға ұласқан мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА мүшелері қатысып қайтты.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Қазіргі заманда жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерді қабылдауға, тарихи мұралар мен мәдени дәстүрлерге құрметпен және ұқыптылықпен қарауға дайындаудың маңызы зор.

Бұл мәселеде медиация айтарлықтай көмек көрсете алады. Осы орайда, С.Нұрмағамбетов атындағы № 10 мектептің 8-сынып оқушыларына медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өтті.

Шара барысында Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жиналғандарға этномедиация институтының дамуы және медиаторлар мен ҚХА мүшелерінің этносаралық жазықтыққа айналуы мүмкін жанжалды жағдайларды бейтараптандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы мағлұмат берді. Келесі кезекте тәрбие сағаты барысында басқа адамды қабылдау және түсіну, жағдайларды реттей білу және жанжалдарға әкелмеу қаншалықты маңызды екендігі туралы айтылды.

ZOOM КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

13 наурыз күні Достық үйінде ZOOM платформасында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, қолданбалы этносаяси зерттеулер инститиуты директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы Садвоқасованың қатысуымен республикалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Онлайн отырыс барысында ҚР-дағы этноәлеуметтік процестерді бақылау және оның келешегіне қатысты мәселелері қызу талқыға түсті.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, доцент Мұхтарбек Шайкемелев өз баяндамасын жасады. Өз сөзінде этносаралық саладағы ғылыми бірқатар мәселелер қозғалды.

Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕДЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУ

Маңғыстау облысының ҚХА Ақсақалдар кеңесі ағымдағы жылдың 13-14 наурыз күндері «Ақсақалдардың аталы сөзі» атты Республикалық конференциясын өткізуде.
ҚХА Ақсақалдар кеңесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және дамытуды көздеген іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейлхан Акылшаұлы қатысуда.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың арнайы шақыртуымен атбасын батысқа бұрған Асқарбек Ақылшаұлы жиында аталы сөзін арнап, баталы тілегін білдірді. Мұнайлы өлкеге Әулиеатаның атынан Ұлы жерлесіміз М. Х. Дулатидың асыл бейнесі тоқылған кілемді сыйға тартты.
Көрісу күніне орай ұйымдастырылып отырған ақсаладардың алқалы бас қосуы ертең «Отпантауда» жалғасын табатын болады.

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰРМЕТІНЕ

Достық үйінде Жамбыл облысы Немістер қоғамы Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концертін өткізді.

Бұл тамаша мереке әйелдер қауымына деген сүйіспеншілікті білдірді. Жиналған әйелдер қауымын Жамбыл облысы Немістер қоғамының төрағасы Александр Гибнер құттықтады.

Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушыларға «Елдің атақты әйелдерімен кездесу» атты қызықты, танымдық айдар ұсынылып Қазақстанның әртүрлі салаларда дамуына үлес қосқан этникалық неміс әйелдері туралы айтылды.

Вокалды-хореографиялық қойылымдар мен өлеңдер оқылды. Көрермендер құрметті «Вальс» пен әдемі «Қазақ биін» тамашалады, «Қыздарды жақсы көр», «Алыстағы сұлу» әндері және басқа да тамаша нөмірлер тыңдалды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІСТІҢ ТӨРЕСІ

Бүгін аналар мерекесіне орай «Қоғамдық келісім» КММ-де Өзбек этномәдени бірлестіктері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлеріне көмек ретінде азық-түлік салынған 10 себет таратты.
Қайырымды істі жасаудың қайнар көзіне айналған «Қоғамдық келісім» КММ-нің қиналғанда қол ұшын созып демеу беруі дәстүрге айналған игілікті іс.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІСТІҢ ТӨРЕСІ

Бүгін аналар мерекесіне орай «Қоғамдық келісім» КММ-де Өзбек этномәдени бірлестіктері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлеріне көмек ретінде азық-түлік салынған 10 себет таратты.
Қайырымды істі жасаудың қайнар көзіне айналған «Қоғамдық келісім» КММ-нің қиналғанда қол ұшын созып демеу беруі дәстүрге айналған игілікті іс.