РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК НЕГІЗІ

Биылғы жылдың 9 қазанында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасында, 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «Парасат»  колледжінің студенттеріне ұйымдастырылған

«Сенім шындығы-рухани келісім»  атты тақырыпта іс-шара өтті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева қатысып, рухани келісім, бейбітшілік негіздері жайлы сөз сөйледі.

Нақтырақ айтқанда, жастарға, оның ішінде бейбітшілік, бірегейлік, ұлттық құндылықтарымыздың тек бірліктен құралатындығын тілге тиек етті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР!

 

Сіздерді ҚХА құрылымдары, мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім»  КММ басшылығы мен ұжымы өңірлік ҚХА қатарындағы ЭТНОС өкілдері арасындағы барша ҚҰРМЕТТІ Педагогтар мен ардагер Ұстаздарды да төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!!

Ұстаз – ұлағатты есім. Кез келген қоғамдағы, барлық кезеңдегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді.

Ел болашағын сеніп тапсырар, Тәуелсіз де әділетті Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға. Сондықтан да, ұстаздық – қай кезде де сый-құрметке лайық, әрі сұранысқа ие қадірлі де қастерлі мамандық болып қала береді.

Ұстаздық мамандық қай уақытта да лайықты құрметке ие. Өскелең ұрпақтың, елдің ертеңі сіздердің педагогикалық шеберліктеріңізге, таланттарыңызға, даналықтарыңызға байланысты.

Ендеше, СІЗДЕРГЕ, ҚЫМБАТТЫ ҰСТАЗДАР, шын жүректен денсаулық, рухани күш-қуат, талмас қанат, кәсіби шеберлік пен біліктілік, зейінді шәкірттер, шығармашылық табыстар тілейміз!!

Ұстаздық ұлағаттылықтарыңыз өмірлеріңізге мән беретін, сән беретін білім шамшырағына айналсын!

Ғұмырларыңыз баянды, тұғырларыңыз биік болғай!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

ТАРАЗДА «ЕСЕНИАДА-2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 3-қыркүйегінде Тараз қаласында Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орыс халқының көрнекті ақыны Сергей Есениннің құрметіне арналған «Есениада-2023» алғашқы әбеди-шығармашылық облыстық фестивалі өтуде.

Фестивальды өткізудегі мақсат —қазақстандық, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, жеке тұлғаның мәдениетін, өнерін шыңдауға жәрдемдесу және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шараның І-бөлімі қаламыздағы С.Есенин ескерткішінің жанында басталып, ІІ-бөлімі «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты – Достық үйінде дәл осы күні жалғастырылды.

Фестивальдің І-бөлімінде мектеп, орта білім, жоғарғы білім оқу орындарының оқушылары мен студенттері арасында С.Есенин өлеңдерін оқудан, сол өлеңдерге иллюстрация ретінде сурет салудан байқаулар өтті.

Бұдан соң, Орыс драма театры актерларының қатысуымен ақын өлеңдерінің кейіпкерлері сомдалған әдеби-музыкалық қойылымдар көрсетілді.

Шараның ІІ-бөлімінде орыс бірлестігі өкілдерінің қатысуымен жиналған жұртшылыққа ақынның өлеңдері оқылып, оның шығармашылығы мен өмір жолы жөнінде арнайы дайындалған бейнеролик тамашаланды.

Әдеби кештің сәні мен салтанатын «Радонеждің» «Калинка» вокалдық ансамблі мен «Днепроның» шығармашылық тобы жеке әншілерінің жанды дауыста шырқалған әндері келтірді.

Олар С.А.Есенин сөзіне жазылған — «Отговорила роща золотая», «Клен», «Над окошком месяц», «Письмо к женщине», «Никогда я не был на Босфоре» т.б., лирикалық әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің көзайымына айналды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

АССАМБЛЕЯНЫҢ АБЗАЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстанда 1 қазанда Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» мекемесінде өңірлік ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларға “Қоғамдық келісім” мекемесі шығармашылық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, көрермендер назарына вокалдық және түрлі хореографиялық нөмірлер ұсынылды.

Концерттік бағдарламаны іске асырушылардың қатарында КХА-ның ересек белсенділері- Жамбыл облыстық Қытай этномәдени бірлестігінінің төрайымы Галина Воробьева, КХА Ақсақалдар кеңесінің өкілі Ыдырыс Юнусов, Немістер қауымдастығының «Поющие сердца» вокалдық тобы бар.

Айта кетейік, Кенен Әзірбаев Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Дулат Жасұзақов «Туған жерім-өз елім», «Анаға сәлем», Мейірім Ханзина «Қарлығаш», «Қазағым-ай» әндерін нақышына келтіріп шырқап, көрерменнің көзайымына айналды.

Іс-шараға қатысушыларға Достық үйінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қолөнершілері дайындаған киім туындылары көрсетіліп, көз жауын алар сән көрсетілімі де ерекше түрде өтті.

Мерекелік шараның соңында этномәдени бірлестіктері ардагерлері мен белсенді өкілдерінің бірқатары «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы атынан сыйлықтар алып, Алғысхат, Дипломдармен марапатталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

КҮЗГІ МЕРЕКЕ — «ЧХУСОК»

2023 жылдың 30 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында «Коре» Жамбыл облысы Кәрістер қауымдастығы өздерінің ұлттық мерекелерінің бірі — «Чхусок» дәстүрін атап өтті.

Аталмыш дәстүрді атап өту мақсаты — егін жинау, Жаратушы мен табиғатқа алғыс айту және ата-бабаларын еске алу құрметіне, сондай-ақ, мемлекеттік мейрам — Республика күніне арнап мерекелік концерт ұсыну еді.

Аталған Кәрістер қауымдастығының төрағасы Лаврентий Кан, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Сәуле Құрманқұлова, «Радонеж» Орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин сөз сөйледі. Қатысушыларды қауымдастықтың өкілдері – Илья Хэ, Флора Ким, Надежда Хан, Лена Кан құттықтады.

Іс-шара барысында жұртшылық «Чхусок» салт-дәстүрінің қызықты тарихымен танысты. Бұған қоса, көрермен қауымға танымдық бейнероликтер көрсетілді.

Мерекелік шара әдемі этномузыка сүйемелдеген шығармашылық қойылымдарға ұласты.

Сондай-ақ, Корей мәдениетінің салт-дәстүрі мен музыкасын, халық билері мен әндерін паш ететін көңілді концерттік бағдарлама да көрермен жүрегіне жол тартты.

Шара соңы естелік-фотосессиямен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Page 4 of 4
1 2 3 4