Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда.

Акция аясында Жамбыл облысы “Радонеж” орыс кеңесінің мүшелері  2022 жылдың 21 тамызында отбасылық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға мектеп және спорт киімдерін, сондай-ақ, басқа да керек-жарақтарын алып берген.

Бұған қоса, олар 1-ші мүгедектік тобы бар отағасына да материалдық көмек көрсеткен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 18 тамызында Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп “Бар жақсылық балалар үшін ” атты қайырымдылық акциясын өткізді

2022 жылдың  18 тамызында Тараз қалалық  Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп “Бар жақсылық балалар үшін ” атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында қала мен ауданнан аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға балмұздақ таратылды. Бұған қоса, қалалық Өзбек мәдени орталығының өкілдері Руслан Исаев пен Паттохберді Тәліпов мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтіп, “Құрметті ардагер” төсбелгісіне Наби Салапхутдинов пен Худаберген Талипов ие болды. Сонымен қатар, Паттохберді Талипов қалалық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 22 тамызында Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы “Мектепке жол”

2022 жылдың  22 тамызында Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсетті.

Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдиновтың айтуынша, “Мектепке жол” акциясы аясында №4 орта мектептің аз қамтылған және мұқтаж оқушыларына демеушілік көмек көрсетілді. Балаларды мектепке дайындауға көмектесетін меценаттар арасында Шамұхтар Шаюнусов, Мирусман Қасымов және Шаниер Шосабиров бар.

Қазіргі уақытта 7 оқушыға көмек көрсетілді. Өзбек мәдени орталығы өкілдерінің “Мектепке жол” республикалық акциясына қатысуы жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Тараз қаласындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығы және “Елу жолда – ел жаңа” ҚБ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Тараз қаласындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығы және “Елу жолда – ел жаңа” ҚБ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге бағытталған іс-шараға Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов белсенді қатысты.

Жәрмеңкеге мүмкіндігі шектеулі жандар мен қандастар келді. Жәрмеңкеге келушілерге әр түрлі қызмет салаларындағы өзекті бос орындармен, еңбек шарттары мен төлемдерімен танысуға, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Абдурахман Зайнутдинов хабарлағандай, жәрмеңке қорытындысы бойынша 5 қандас, 3 мүгедектігі бар және 3 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа жолдама алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылғы тамызда Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2022 жылғы тамызда Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қою Түркістанда «Мәдени ана – мәдени ұлт»  республикалық жобасы аясында өткен кездесу барысында орын алды.

Жасалған меморандумға сәйкес, бірлескен жұмыс мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады: отбасы институтын танымал ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Қол қойылған құжат шеңберінде тараптар бірлескен іс-шаралар өткізуге, өзекті ақпаратпен алмасуға, бірлескен жобаларға қатысуға ниет білдіреді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдык келісім” КММ баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды.

Қорқынышты диагнозға тап болған адам көбінесе өзін дәрменсіз сезінеді, көптеген жауапсыз сұрақтар мен болашаққа деген сенімсіздікпен арпалысары сөзсіз. Аурумен күресуде дәрігердің тәжірибесі мен білімі ғана емес, сонымен бірге науқастың сенімділігі, ауруды жеңуге деген ықыласы да үлкен рөл ойнайды. Сондықтан бұл кітап маңызды, өйткені ол науқастарға бағыт-бағдар беріп  көмектесуге арналған.

Кітап 8500 дана болып басылды. «Амбулаторлық гемодиализдегі науқастың үстел кітабының» авторы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілі, доктор Дуниядар Абдуллаев.

Аталған медициналық кітаптың жарыққа шығуына демеушілік еткен «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришев және «DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының төрағасы Зиятдин Кассанов.

Айта кету керек, жоғарыда аталған меценаттар кітапты шығаруға көмектесіп қана қоймай, оны бүкіл Қазақстан бойынша тегін таратуға да көмектесуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы.

ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 12-13 тамызында Шу ауданында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шара Жамбыл облысының Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, және Қазақстан Республикасының ұлттық «Қызыл жарты ай» қоғамымен бірлесіп өткізілді. Көшпелі отырысқа Қордай, Мойынқұм, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының өкілдері, дағдарыс орталығының мамандары қатысты.

Отырыс барысында Шу ауданының Аналар кеңесі өткізген жұмыстармен танысып, халық педагогикасы, жастарды тәрбиелеу, некені сақтау және т.б. мәселелер талқыланды.

Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың пікірінше, қоғам үшін жастарды тәрбиелеу сияқты маңызды мәселеде аға ұрпақтың тәжірибесін, ұлттық тәрбие құндылықтарын басшылыққа алу маңызды.

Одан әрі ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова «Мәдениетті ұлт-Мәдениетті ана» жобасын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығымен бөлісті.

Талқылау барысында арнайы оңалту орталығына қажетті заттар туралы мәселесі көтерілді. Өйткені, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның өзекті проблемасына айналуда. Қазір Шу ауданында осындай жағдайға тап болған әйелдерді уақытша паналау үшін 27 орынмен жабдықталған дағдарыс орталығы бар.

Шара соңында облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Қоғамдық қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің мәселелерін шешу үшін материалдық және заң тұрғысынан лайықты көмек көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

2022 жылдың 13-тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті

2022 жылдың 13-тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті.

Кездесуге Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, өңір жастары қатысты.

Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін  Құлымбайұлы Үйсімбаев болды. Ол қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесу еркін форматта өтті. Жас белсенділер жастар саясатын дамыту, гранттық қаржыландыру, волонтерлік, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобаларға қатысты сауалдар қойып,  барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жалдың тамызында өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы кездесу өтті

Ағымдағы жалдың тамызында  өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы кездесу өтті.

Өңірдің этномәдени бірлестіктерінің басшылары және өкілдерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы, осы ұйымның бас маманы Смағұлова Гүлназ Шыңғысқызы кездесті.

Қатысушыларға Мемлекеттік қызметке орналасудың перспективалары мен талаптарын таныстырды. Гүлназ Смағұлова тестілеуден өтуге қалай дайындалу керектігі жөнінде кеңес берді.  Кездесу барысында байқаушылар мен  сарапшылардың  конкурстық комиссияға қатысуы барысы жайында да айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың тамызында  «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық  турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайта түсуді мақсат еткен байқауға облыс  бойынша 243 отбасы қатысқан. Оның 22-сі облыстық деңгейге жолдама алса,  4 отбасы жеңімпаз болып табылды.

Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы марапаттап, жүлделерін табыс етті.

Нәтиже бойынша «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының ІІІ орнын Қордай ауданына келген Вансинвин отбасы иеленді.  Вансинвин отбасы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген,  «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектеп формасымен қаматасыз еткен үлгілі жанұя. Қазір Вансинвин отбасы  үш ұл тәрбиелеп, олардан он немере, сегіз шөбере көріп отыр.  Жеңімпаз жанұяға ІІІ дәрәжелі диплом, гүл шоқтары және 200 000 теңгелік арнайы сертификат табыс етілді.

Байқауда екінші орынды Т.Рысқұлов ауданынан Далибаевтар отбасы алды.  Аталған отбасы 1 ұл 6 қыз тәрбиелеп олардан 13 немере көрген, қайырымдылықпен айналысатын үлгілі жанұя. Екінші орынның дәрежесіне сай отбасыға 300 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Байқаудың бірінші орнын Байзақ ауданынан 9 ұл, 6 қыз дүниеге әкеліп олардан 36 немере 40 шөбере өсіріп отырған Мамырбаевтар отбасы иеленді. Аталған отбасы қанжығаларына 400 000 теңгенің сертификатын байлады.

Байқаудың бас бәйгесін, 2022 жылдың Мерейлі отбасы атауын Тараз қаласынан Ержановтар отбасы алды. 7ұл-қыздан бөлек 12 баланы бауырына басып қанаттандырған отбасы «Алтын алқа», Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері. Ержановтар отбасында 56 немере 8 шөбере өсіп келеді. Аталған отбасы 500 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Жиын соңы жеңімпаздардың ыстық тілек-лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсуімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы