2022 жылдың қазан айының 6-ында

2022 жылдың қазан айының 6-ында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Алматы қаласында ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. .

Іс-шараның сән-салтанатын Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің өкілдері Камал Әлпейісова мен Баян Ахатай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменовалар модераторлар, спикерлер ретінде үйлестіріп отырды.

Жалпы, ҚХА Аналар кеңесінің қызметі сан қырлы. Екі күн бойы еліміздің барлық өңірлерінен келген қатысушылар «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының тұжырымдамасын іске асыру, этнотәлім және тәрбие жұмысы сияқты жұмыс бағыттарын талқыламақшы.

Баяндамашылар арасында әйелдер қауымынан тұратын ҚХА Аналар кеңесінің өңірлік бөлімшелерінің өкілдері, ғалымдар, журналистер, психологтар, мұғалімдер, заңгерлер бар.

Спикерлер «Жас ұрпақты рухани және патриоттық тәрбиелеу – жаңа Қазақстанның берік негізі», «Ата мен әже- тұлғаны қалыптастырудағы маңызды буын», «Қазақстандық контент негізінде баланың дүниетанымын қалыптастыру», «Баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы баспасөз рөлі» және басқа да көптеген түрлі тақырыптарда қызықты баяндамалар жасайды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

 

«Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі»

Үстіміздегі жылдың 4-қазанында Таразда «Қоғамдық келісім» мекемесінде алғаш рет «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі»  атты іс-шара өткізілді.

Қатысушылар арасында – «Ассамблея жастары» РҚБ филиалының мүшелері және Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері,Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері, қала жастары бар. Сонымен бірге, мақсатты кездесудің құрметті қонақтары ретінде Әулие Ата өңіріне арнайы ат басын тіреген «Сенімен Болашақ»  республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов және осы ұйымның төрағасы Жансая Исмағұлова, сондай-ақ, ерекше атап өтейік, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Омар Жәлелұлы да болды.

Іс-шара барысында колледж студенттері «Сарыарқа күйі» театрландырылған қойылымын көрермендерге талантты түрде көрсете білді.

Қатысушылар алдында іс-шараның сыйлы қонақтары Нұркен Асанов пен Омар Жәлелұлы сөз сөйледі. Жиынға қатысушылар аталмыш бірлестіктің қызметі туралы егжей-тегжейлі біліп, «Сенімен Болашақ»  республикалық қоғамдық бірлестігін 2021 жылдың тамыз айында құрылтайшы және кәсіпкер Нұркен Асановтың иелігімен құрылғандығынан хабардар болды. Бірлестіктің негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесінде ой-санасына әсер ету, олардың психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттыру, жан-жақты қолдау көрсету.

Спикерлер қатысып отырған жастарды алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ынталандырды.

Ең басты салтанатты да маңызды сәт – Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ «Қоғамдық келісім» КММ, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі және өңіріміздің жастар ресурстық орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, оған қол қою рәсімі болды. Меморандум өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді қалыптастырып, оларға білім беруде адами капиталды дамытуға жәрдемдесетін болады деген сенімдеміз.

Іс-шара естелік-фотосессиямен аяқталды.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Есенин сөзінің үйлесімділігі

Ақын Сергей Есениннің шығармашылығы ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан танымал, әрі құнды мұра іспеттес. Тараз қаласының қақ ортасында орналасқан Есенин ескерткішінің жанында жылда бұл майталман ақынды еске алу кеші өтеді. Осыған қатысты, бүгін, үстіміздегі жылдың 3-қазанында Сергей Есениннің туғанына 127 жыл толуына орай, «Есенин оқулары» атты тамаша поэзия мерекесі өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырды. «Есенин оқуларының» жүргізушісі Полина Воротникова болды. Қатысушыларды «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин қарсы алды. Оқуларға орыс ақынының сүйікті өлең жолдарын жариялаған театр әртістері, жергілікті ақындар, оқушылар белсенді қатысты. Ақынның «Отговорила роща золотая», «Белая березка», «Любовь хулигана», «Письмо матери», «Шаганэ, ты, моя Шаганэ» т.б.  танымал өлеңдері оқылды. Мерекенің сәні «Калинка» вокалдық тобының қойылымы болды, оның қатысушылары «Над окошком месяц» и «Край ты мой заброшенный» әндерін орындады.

Шығармашылық жиынға қатысушылар ақынның ақындық жолының шынайылығын, оның өз Отанына деген шексіз патриотизмін жоғары деңгейде көрсете алды. С.Есенин өзінің лирикалық шығармаларымен есте қалмақ.

 

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Қарттар күні

Зан айының басында қарияларға арналған мерекені атап өту жақсы дәстүрге айналды. Жас ұрпақ үшін олар еңбекқорлық пен табандылықтың, батылдық пен парасаттылықтың үлгісі болып қала бермек.

2022 жылғы 30 қыркүйекте Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Достық үйі ғимаратында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара мол дастарханымен, түрлі концерттік бағдарлама, сондай-ақ, жылы қауышу, тамаша көңіл-күйімен есте қалды. Дастарханға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің қариялары, жасы үлкендері жиналды. Олардың барлығы – еліміздің өркендеуіне, бейбітшілік пен келісім саясатын қолдауға үлкен үлес қосқан жандар.

Жиынға қатысушыларды мейрамдарымен құттықтап, Жамбыл облысы әкімдігі ІІБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева, еврей қауымының ақсақалы Михаил Бунин, Аналар кеңесінің өкілдері және ұйғыр, өзбек, тәжік, қытай, поляк, еврей этномәдени бірлестіктерінің төрайымдары мен төрағалары жылы лебіздерін білдірді.

«Біз Қазақстанға барамыз», «Анама рахмет» және «Туған жер» әндерін талантты орындаумен «Поющие сердца» және «Juwell» вокалдық топтары, сондай-ақ, «Шабыт» триосы көрермендердің көзайымына айналды. Жеке вокалдық нөмірлермен Илья Филипов («Ягода малинка» әні), Вячеслав Лапшин («Отан Ана» әні), Ирада Ишанқұлова («Менің отбасым» әні), Камила Дүйсен («Сен мықтысың») және тағы басқалар өнерлерін ортаға салды. Жиылған жұртты «Бәйшешек» және «Қарлығаш» хореографиялық ансамбльдері қазақ және неміс билерін орындаумен қуантты. Сонымен қатар, №40-мектеп-гимназия оқушыларының орындауында поэтикалық композиция орындалды.

Мереке барысындағы ең әсерлі сәт сыйлықтар мен фотосессия болды.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Page 2 of 2
1 2