ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті

Үстіміздегі жылдың 12-13 тамызында Шу ауданында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шара Жамбыл облысының Ардагерлер кеңесі, Аналар кеңесі, және Қазақстан Республикасының ұлттық «Қызыл жарты ай» қоғамымен бірлесіп өткізілді. Көшпелі отырысқа Қордай, Мойынқұм, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының өкілдері, дағдарыс орталығының мамандары қатысты.

Отырыс барысында Шу ауданының Аналар кеңесі өткізген жұмыстармен танысып, халық педагогикасы, жастарды тәрбиелеу, некені сақтау және т.б. мәселелер талқыланды.

Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың пікірінше, қоғам үшін жастарды тәрбиелеу сияқты маңызды мәселеде аға ұрпақтың тәжірибесін, ұлттық тәрбие құндылықтарын басшылыққа алу маңызды.

Одан әрі ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мұхаббат Миражапова «Мәдениетті ұлт-Мәдениетті ана» жобасын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығымен бөлісті.

Талқылау барысында арнайы оңалту орталығына қажетті заттар туралы мәселесі көтерілді. Өйткені, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның өзекті проблемасына айналуда. Қазір Шу ауданында осындай жағдайға тап болған әйелдерді уақытша паналау үшін 27 орынмен жабдықталған дағдарыс орталығы бар.

Шара соңында облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Қоғамдық қабылдау өткізді. Өтініш білдіргендердің мәселелерін шешу үшін материалдық және заң тұрғысынан лайықты көмек көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

2022 жылдың 13-тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті

2022 жылдың 13-тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Жамбыл облысының жастарымен кездесті.

Кездесуге Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, өңір жастары қатысты.

Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін  Құлымбайұлы Үйсімбаев болды. Ол қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Кездесу еркін форматта өтті. Жас белсенділер жастар саясатын дамыту, гранттық қаржыландыру, волонтерлік, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобаларға қатысты сауалдар қойып,  барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жалдың тамызында өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы кездесу өтті

Ағымдағы жалдың тамызында  өңірдегі Достық үйінде Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту туралы кездесу өтті.

Өңірдің этномәдени бірлестіктерінің басшылары және өкілдерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы, осы ұйымның бас маманы Смағұлова Гүлназ Шыңғысқызы кездесті.

Қатысушыларға Мемлекеттік қызметке орналасудың перспективалары мен талаптарын таныстырды. Гүлназ Смағұлова тестілеуден өтуге қалай дайындалу керектігі жөнінде кеңес берді.  Кездесу барысында байқаушылар мен  сарапшылардың  конкурстық комиссияға қатысуы барысы жайында да айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың тамызында  «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық  турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайта түсуді мақсат еткен байқауға облыс  бойынша 243 отбасы қатысқан. Оның 22-сі облыстық деңгейге жолдама алса,  4 отбасы жеңімпаз болып табылды.

Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы марапаттап, жүлделерін табыс етті.

Нәтиже бойынша «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының ІІІ орнын Қордай ауданына келген Вансинвин отбасы иеленді.  Вансинвин отбасы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген,  «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектеп формасымен қаматасыз еткен үлгілі жанұя. Қазір Вансинвин отбасы  үш ұл тәрбиелеп, олардан он немере, сегіз шөбере көріп отыр.  Жеңімпаз жанұяға ІІІ дәрәжелі диплом, гүл шоқтары және 200 000 теңгелік арнайы сертификат табыс етілді.

Байқауда екінші орынды Т.Рысқұлов ауданынан Далибаевтар отбасы алды.  Аталған отбасы 1 ұл 6 қыз тәрбиелеп олардан 13 немере көрген, қайырымдылықпен айналысатын үлгілі жанұя. Екінші орынның дәрежесіне сай отбасыға 300 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Байқаудың бірінші орнын Байзақ ауданынан 9 ұл, 6 қыз дүниеге әкеліп олардан 36 немере 40 шөбере өсіріп отырған Мамырбаевтар отбасы иеленді. Аталған отбасы қанжығаларына 400 000 теңгенің сертификатын байлады.

Байқаудың бас бәйгесін, 2022 жылдың Мерейлі отбасы атауын Тараз қаласынан Ержановтар отбасы алды. 7ұл-қыздан бөлек 12 баланы бауырына басып қанаттандырған отбасы «Алтын алқа», Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері. Ержановтар отбасында 56 немере 8 шөбере өсіп келеді. Аталған отбасы 500 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Жиын соңы жеңімпаздардың ыстық тілек-лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсуімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі – Қазақстан

Қазақстанда тату-тәтті  өмір  сүретін халықтардың  әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді  нығайту басты борышымыз екенін арбір қазақстандық жақсы біледі.  Қазақстанның басты миссиясы – бейбітшілік, оның бірі – осында  мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті  шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп  жатқан этностардың «Ассамблея» деген институты құрылып, «Достық үйі» деген түсінік орын алған болатын. Ассамблея – «ұйым»,  Достық үйі – «мәдени  орталық» деген  ұғым береді. Мұндай  мәдени орталықта этнос өкілдері өздерінің  озық  дәстүрлерін,  мерекелерін, ұлттық  киімдері мен тағамдарын өздерінің ұрпақтарына дәріптеп, насихаттап, елмен өздері жөнінде ақпарат беріп, бөлісіп  отырады.  Осындай саясаттың арқасында ұлттар мен ұлыстар өздерінің елдегі ел қатарлы орнын тауып, тілін, дінін сақтап қалды.

Бір шаңырақ астында  мекендеп жатқан, достығы жарасқан  Тәуелсіз жаңа Қазақстанымыздың  дамып, қарыштауына өз үлестерін  қосып жатқан өзге  ұлт өкілдерін еш  бөліп қарамаймыз. Ел ішінде «біз бәріміз – бір елміз, бір халықпыз!» деген түсінік болу керек әр адамда, сондай саналы, сау түсінік қалыптасу керек.  Қазақ елінің көк байрағын әлемдік деңгейде әлем чемпионаттарында желбіреткен  Ольга Шишигина, Илья Ильин, Геннадий Головкин, сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгерген қоғам қайраткерлері Асылы Османқызы, Аскер Пириев, Қазақстан халық жазушысы Герольд Бергер, тележүргізушілер Мая Веронская, Ирина Ким, тағы басқалардың  мемлекеттік тіліміздің статусын көтеріп жүргені баршамызға мәлім.  Бұл дәлел емес пе?! Әлі де болса, мемлекеттік тілді қадір тұтатын этнос өкілдерінің саны көбейсе екен деген үміттеміз.

Мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр, ләйім  жерге, дархан далаға кенде емеспіз. Елімізде   түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, отанға қызмет етуде: қазақтар, орыстар, ұйғырлар, кәрістер, украиндар, немістер, татарлар, өзбектер және тағы басқа этностар.

Біз – Қазақстанның ұлттар мен ұлыстарды біртұтас бауырлас отбасына біріктіргенін мақтан тұтатын халықпыз. Облысымыздың өзі – атақты Әулие Ата жерінің өзінде қаншама этностар мекен етуде, тату-тәтті ұйысып өмір сүруде. Күмбезі күн сүйген Достық үйі сарайында барлығымыз бір елдің баласындай  боп жиі бас қосып отырамыз. Түрлі басқосуларға  облыстағы түрлі этнос өкілдерінен құралған қаншама адам жиналады?!

Сүттей ұйыған  жамбыл­дықтарға  берекелі тірліктің қадір-қасиетін терең түсініп, сол қазынаға бергісіз құндылықтарды жастарға өсиет ету – басты құндылық. Ғұлама Абай айтқандай «Көп адам дүниеге бой алдырған. Бой алдырып, аяғын көп шалдырған» осынау заманда Ассамблеяның ел бірлігін сақтаудағы маңыздылығын біраз адамдар түсінбей, теріс пікір беріп  жатады. Осы тұста да Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген нақыл сөзін алға қойғым келеді. Қазақстанның барлық өңірлері секілді халқымыздың тал бесігі көне Тараз топырағында да  сексеннен астам ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр.  Біршама өзім білетін, жұрт білетін ел бірлігін ту еткен өзге ұлт азаматтарының  барлық қоғамдық іс-шаралардың бел ортасында жүретіні  мені шын қуантады.   Екі мың жылдық тарихы бар  киелі өңірдегі барлық ұлттардың да ойы – «бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – бейбітшілікті, ашық аспанды Тәуелсіз Қазақстан!».

Біз, болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз елімізді жаңа деңгейге, тың игі өзгерістерге жеткізу жолында бар күш-жігерімізді шын ниетпен, асқан жанашырлықпен салғанда ғана дамудың дара жолына шығамыз, қадірменді ағайын-бауыр, апа-сіңлі, қайратты жастарым мен тілі басқа, діні басқа, бірақ жүрегі бір, бауырлас отандастарым!

Жамбыл облыстық «Әулие Ата»

 Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары,

Тараз қалалық М.Х.Дулати атындағы

өңірлік университетінің профессоры

 Кабиева Айгүл Кабиқызы

Бірлік пен татулық – дамудың кепілі

Қазақ елі – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын отыз жылдан астам уақыт ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігіміз бен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Қазір Қазақстанды  күллі әлем танып, 140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату да тұрақты өмір сүруде!

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Мұндай құтты мекеннің бірі Жамбыл облысы. Бабалар тұяғының дүбірі, тарихтың нақ кіндігі бола білген Тараз қаласындағы  Достық үйі аймақтағы ұлт пен ұлыстың басты ордасына айналған. Мұндағы этномәдени бірлестіктердің басты  мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениетін, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарына үйрету, мұра ету арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк пен теңдікті, кеңдікті  Қазақстаннан басқа қай ел жасай алады? Міне дәл осы себептенде әлем сахнасында Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мызғымас мекені ретінде дәуірі гүлденіп тұр. Әлбетте мұның артында қаншама еңбек, қанша тапқырлық, білімділік, кемеңгерлік жатыр. Мұндай бақ ойлағанның уысына ойыса кетер оңай олжа емес.

Бір облысымыздың өзінде мен мүлде ұлыстардың арасында алауыздық, бірі-біріне көзалартушылық болмайды деп айта алмаймын. Себебі, әлемде 7млрд адам болса 7млрд мінез болатыны секілді этностардың өздеріне тән ерекшеліктері мен қатар өзгеше мінез-құлықтары да болады. Олардың арасында туындаған дау-жан-жалдар уақытылы шешімі табылып, өзара ынтымаққа келеді. Енді ойлаңызшы Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыс бар. Олардың арасында келеңсіздіктердің туындауы заңдылық. Осындай қолайсыз сәттерде ұтымды, ұлтаралық мәселені шиеленістірмей бірден шешім шығарып бір мәмлеге келтіре білу деген аса зор сауаттылық, аса зор кемеңгерлік. Бір ерекшелігі ешқашан сен қазақсың ол өзге деп заң тұрғысынан болмаса басқалай жағынан әділетсіздіктердің болғанын байқаған емеспін. Себебі мұнда заң бір, мүдде бір.  Мұндай мүмкіндіктің де біздің елімізден басқа жерде бар дегенін естіген емеспін.

Ендеше аспан ортақ жер ортақ, ай мен күн ортақ, ас-ауқаты мен жұтар ауасы ортақ болып отырған Отанға адал қызмет ету азаматтық парызымыз. Қазақстанның даму моделін халықаралық стандартқа жеткізуіміз және түсірмеуіміз керек.

Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты, бірлік пен татулықты ту еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

Бахром Муминов

Жамбыл облысы «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

Бірлік пен татулық – дамудың кепілі

Қазақ елі – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын отыз жылдан астам уақыт ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігіміз бен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Қазір Қазақстанды  күллі әлем танып, 130 – дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату да тұрақты өмір сүруде!

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Мұндай құтты мекеннің бірі Жамбыл облысы. Бабалар тұяғының дүбірі, тарихтың нақ кіндігі бола білген Тараз қаласындағы  Достық үйі аймақтағы ұлт пен ұлыстың басты ордасына айналған. Мұндағы этномәдени бірлестіктердің басты  мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениетін, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарына үйрету, мұра ету арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк пен теңдікті, кеңдікті  Қазақстаннан басқа қай ел жасай алады? Міне дәл осы себептенде әлем сахнасында Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің мызғымас мекені ретінде дәуірі гүлденіп тұр. Әлбетте мұның артында қаншама еңбек, қанша тапқырлық, білімділік, кемеңгерлік жатыр. Мұндай бақ ойлағанның уысына ойыса кетер оңай олжа емес.

Бір облысымыздың өзінде мен мүлде ұлыстардың арасында алауыздық, бірі-біріне көзалартушылық болмайды деп айта алмаймын. Себебі, әлемде 7млрд адам болса 7млрд мінез болатыны секілді ұлыстардың өздеріне тән ерекшеліктері мен қатар өзгеше мінез-құлықтары да болады. Олардың арасында туындаған дау-жан-жалдар уақытылы шешімі табылып, өзара ынтымаққа келеді. Енді ойлаңызшы Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс бар. Олардың арасында келеңсіздіктердің туындауы заңдылық. Осындай қолайсыз сәттерде ұтымды, ұлтаралық мәселені шиеленістірмей бірден шешім шығарып бір мәмлеге келтіре білу деген аса зор сауаттылық, аса зор кемеңгерлік. Бір ерекшелігі ешқашан сен қазақсың ол өзге деп заң тұрғысынан болмаса басқалай жағынан әділетсіздіктердің болғанын байқаған емеспін. Себебі мұнда заң бір, мүдде бір.  Мұндай мүмкіндіктің де біздің елімізден басқа жерде бар дегенін естіген емеспін.

Ендеше аспан ортақ жер ортақ, ай мен күн ортақ, ас-ауқаты мен жұтар ауасы ортақ болып отырған Отанға адал қызмет ету азаматтық парызымыз. Қазақстанның даму моделін халықаралық стандартқа жеткізуіміз және түсірмеуіміз керек.

Сөзімнің соңында достық пен ынтымақты, бірлік пен татулықты ту еткен барша Қазақстан халықтарының мызғымас достығы мен бірлігі мәңгі жасай берсін дегім келеді.

 

Бахром Муминов

Жамбыл облысы «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы

Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

ҚХА мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің арасында шын жүректен мұқтаж жандарға көмекке асығатын меценаттар аз емес.

Өткен айда Айша Идибо басқарған  Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігінің өкілдері үй құрылысына үлкен материалдық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесінде олар ет пен басқа да қажетті өнімдерді жинап, үлестірді. Барлығы 2000 кг ет таратылды. Қайырымдылық көмек ретінде өсімдік майы мен кеспе де берілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған мұқтаж адамдарға көптеп көмек көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

 

«Мектепке жол»

Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін елімізде жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасатын дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.

Оған барлық ниет білдірген, жанашыр жандар-еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған қайырымдылық шарасына жыл сайын Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді түрде атсалысады.

Жақында «Мектепке жол» акциясы аясында Республикалық «Архыз» қарашай-балқар этонмәдени бірлестігінің Жамбыл филиалының өкілі Таня Апаева Қордай ауданында көпбалалы отбасының екі баласын мектепке дайындауға көмектесті. Қайырымды жан оларға мектеп киімдерін, оқу құралдарын, сөмкелер сатып алып берді. Енді балалар мектепке толығымен дайын.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың тамызында  «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық  турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайта түсуді мақсат еткен байқауға облыс  бойынша 243 отбасы қатысқан. Оның 22-сі облыстық деңгейге жолдама алса,  4 отбасы жеңімпаз болып табылды.

Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы марапаттап, жүлделерін табыс етті.

Нәтежие бойынша «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының ІІІ орнын Қордай ауданына келген Вансинвин отбасы иеленді.  Вансинвин отбасы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген,  «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектеп формасымен қаматасыз еткен үлгілі жанұя. Қазір Вансинвин отбасы  үш ұл тәрбиелеп, олардан он немере, сегіз шөбере көріп отыр.  Жеңімпаз жанұяға ІІІ дәрәжелі диплом, гүл шоқтары және 200 000 теңгелік арнайы сертификат табыс етілді.

Байқауда екінші орынды Т.Рысқұлов ауданынан Далибаевтар отбасы алды.  Аталған отбасы 1 ұл 6 қыз тәрбиелеп олардан 13 немере көрген, қайырымдылықпен айналысатын үлгілі жанұя. Екінші орынның дәрежесіне сай отбасыға 300 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Байқаудың бірінші орнын Байзақ ауданынан 9 ұл, 6 қыз дүниеге әкеліп олардан 36 немере 40 шөбере өсіріп отырған Мамырбаевтар отбасы иеленді. Аталған отбасы қанжығаларына 400 000 теңгенің сертификатын байлады.

Байқаудың бас бәйгесін, 2022 жылдың Мерейлі отбасы атауын Тараз қаласынан Ержановтар отбасы алды. 7ұл-қыздан бөлек 12 баланы бауырына басып қанаттандырған отбасы «Алтын алқа», Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері. Ержановтар отбасында 56 немере 8 шөбере өсіп келеді. Аталған отбасы 500 000 теңгенің сертификатын иеленді.

Жиын соңы жеңімпаздардың ыстық тілек-лебіздерін білдіріп, естелік суреттерге түсуімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы