1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні

1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл мереке 2016-жылдан бері мерекеленіп келеді. Аталмыш мейрам – біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.  Сонымен бірге, Алғыс айту күні  бейбітшілік пен келісім саясатының жарқын көрінісіне айнала білді.  Өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз!

Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

Сондай-ақ, облыстық ассамблея іс-қимылдарына жұмыла атсалысып жүрген облыстық ҚХА мүшелері мен барлық этномәденибірлестік өкілдеріне, ассамблея жастарына, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне де шексіз алғысымды білдіремін! Жақсы күндеріміз көп болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел бірлігіне нұқсан келмесін!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

 «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы Мамедова

Page 4 of 4
1 2 3 4