Аудандарда «Қоғамдық қабылдау» басталды

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы  әкімдігінің жанынан «Қоғамдық қабылдау» кеңесі құрылған болатын. Бұл кеңес өзінің жұмыс бағытын қаңтар төңкерісіне қатысты арнайы комиссия құрудан бастап, жергілікті халықтың және балалары зардап шеккен ата-аналардың мұң-мұқтажын тыңдау,  көмек беру мақсатында «Коғамдық қабылдау» ұйымдастырған болатын. Осыған орай, Тараз қаласында біршама ата-аналардың арыз-өтініштері қабылданып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл үрдіс аудандарда да жалғасын тапты.  Осының негізінде ағымдағы жылдың 10-ақпанында Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында  Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық қабылдау» мен аймақтық ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар арасында «Қаңтар оқиғасына” байланысты адам құқығын қорғау мәселелері талқыға салынды.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиевтің жетекшілігімен ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген көкейкесті біршама мәселелердің түйіні шешілмек.

Ал облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Уалихан Болатбекұлы ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіне жіті мән бергенін қалайды. Оның айтуынша, жастар әлеуметтік желіде оқыған ақпаратының көбін сүзгіден өткізе алмайды. Яғни, қайсы ақпарат шын, ал қайсы ақпарат жалған екенін түсіне бермейді, осы себепті де ауыл, қала жастарымен жан-жақты тусіндіру және сараптама жұмыстары  жүргізілу керектігі айтылды. Сонымен бірге,  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы да көпбалалы аналармен  жүздесіп, оларды ойландырып жүрген түйткілді мәселелері мен  шағымдарына құлақ қойды. Ауыл әйелдерінің өтініш-арыздары тиісті орындарға жолданатындығы сөз болды.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Өтегенов  те халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкіндігі қоғамдық тыныштық пен келісім жағдайында ғана жүзеге асатындығын айрықша атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім КММ Баспасөз қызметі орталығы

Таразда «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 8-ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2022 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, Қоғамдық келісім кеңестері құрылған кәсіпорындарда қоғамдық бірлік пен келісімді насихаттау мақсатында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен отырысы өткізілді.

Жиынға Жамбыл облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары – Абдурахман Зайнутдинов, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі – Идирис Юнусов, «Қазфосфат» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы – Шахтыбай Байганов және кәсіпорын активтері мен жұмысшылары қатысты.

Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары А.Зайнутдинов ҚХА облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Келесі сөзді алған «Қазфосфат» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Шахтыбай Байганов жалпы кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатқандығынан, жұмысшылардың 86% қазақтар, 7% орыс ұлты, қалғандары басқада этнос өкілдері екендігінен хабардар етті. Сондай-ақ, химия саласында жұмыс істейтіндердің зейнетке шығу жасын қайта қарауға ықпал етуге, осы сала жұмысшыларының мүгедектік алуда қиындықтар бар екендігін де баяндап берді. Жиналыс қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

2022 жылдың 4 ақпанда “Қоғамдық келісім” КММ-де “Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” тақырыбында Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастары қатысты.

Отырыс барысында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты түйткілді мәселелер талқыланды. Жиын барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Тараз өңірлік М.Х.Дулати университетінің “Философия және саясаттану” кафедрасының аға оқытушысы Ережеп Баярисов Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің қазіргі кезеңдегі әлеуметтік маңызы мен негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сонымен бірге Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім” КММ Ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімінің бас сарапшысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі Ербол Қаншымбеков Жамбыл облысындағы этносаралық жағдайға бірыңғай әлеуметтік мониторинг жүргізу туралы қысқаша ақпарат берді. Аталмыш мониторингтің мақсаты – Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстандағы этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасын және әсер ету факторларын зерделеу.

Жиын  барысында жақында болған қаңтар трагедиясы талқыланды. Профессор, PhD докторы (Болгария) Николай Буюклиев ғалым ретінде басқа елдерде болған оқиғаларды талдауға, талқылауға қатысқандықтан өз білім- тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараның модераторы профессор, тарих ғылымдарының докторы, ӨТМИ бас проректоры Асқар Абдуалы өз сөзінде: – Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастар әрдайым келелі мәселе боп көтеріліп келді. Бүгінгі отырысымызда осыған қатысты негізгі тәсілдер мен қағидаттар анықталғанмен, көптеген сауалдар төңірегінде жауаптар соңына жеткізілмеді. Тақырып өте өзекті болғандықтан қатысушылар тарапынан да түрлі пікірлер ортаға салынды. Олар негізделген, негізделмеген боп бөлінсе де, спикерлер мен қатысушылардың ұтымды ұсыныстары назарға алынатын болады. Барлық пікір-ұсыныстарды ескере отырып, оларға зор жауапкершілікпен қарау арқылы нақты шешім қабылдау керектігі сөз болды. Сондай-ақ, іс-шара барысында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті профессоры, Сейдахан Бақторазовтың “Әулиеата өңіріндегі жаппай саяси қуғын-сүргін (1917-1939 жж.)” атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

Қоғамдық келісім “КММ Баспасөз қызметі орталығы

Достық үйінде Қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті

2022 жылғы 3 ақпанда «Қоғамдық келісім»  КММ-де Қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті. Қатысушылар «қаңтардың қайғылы оқиғалары» аясында  Адам құқықтары мәселелерін талқыланды. Балалардың тергеуіндегі ата-аналардың өтініштері мұқият, терең және жан-жақты зерттелуі керек. Осыған байланысты адам құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, көрнекті қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер, ардагерлер, құқық қорғаушылар тартылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбаты маған ұнады.

Қойылған сұрақтарға ашық және сенімді жауап беру арқылы бұл сұхбат есте қалды. Эфирде шынымен біраз мемлекеттік құпиялар жөнінде ашық айтылды. Алынған сұхбат ауыр сәттерді де айналып өтпеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиға,  Отанымыздың әріқарайғы тағдыры қалай және  қашан шешілетіндігі туралы айтып берді. Сұхбатта қайғылы қаңтар оқиғаларының аянышты себептері сөз болып, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастары туралы сұрақтарға жауаптар алынды.  Сұхбат барысында Мемлекет басшысы ел болашағына  арналған жоспарларымен, Президент лауазымындағы өз миссиясы туралы пікірімен бөлісті. Байқап, бағдарласақ, қазірдің өзінде өзгерістер басталып кетті. Олар қазақстандық қоғам мен бүкіл саяси жүйені трансформациялаудың оң нәтижелеріне қол жеткізуден тұрады, бұл, сайып келгенде, Қазақстанды экономикалық өсуге әкеледі деп сенейік!

 

Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Әулиеата»

 Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары

Мен де көптеген отандастарымыз  сияқты, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият қарап, тыңдап шықтым.

Эксклюзивті сұхбатында  Мемлекет басшысы қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, одан арғы саяси және әлеуметтік реформалар,
Қазақстанның негізгі саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастар туралы толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.

ҚР азаматы ретінде мен үшін  Президент көтерген аса маңызды мәселе  – саяси және экономикалық жүйенің тиімділігін арттыру мәселесі болды.  Бүгінгі таңда Президент қабылдаған өзгерістер халыққа өте қажет!  Айтылған өзгерістер арқылы оң нәтижеге қол жеткізу үшін біз Президентімізді қолдауымыз керек және оларды жүзеге асыруға аянбай  өз үлесімізді қосуымыз керек. Президенттің дұрыс шешімдерінің, оның дипломатиясының және көрші мемлкеттердің қолдауының арқасында біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық.

Ел бейбітшілігі мен амандығын сақтау маңызды. Тек біртұтас халық бола отырып, Мемлекет басшысын қолдай отырып, біз елімізді жаңа жоғары деңгейге көтере аламыз.

 

Мухабат  Абдрахманқызы Турдыева, Жамбыл облыстық

Махмұт Қашқари атындағы

Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы

Таразда ҚХА «Медиация кабинетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы» Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті

2022 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Медиация кабинетінде “Медиация кабинетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы” медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты –  облыстағы «Медиация» институтының қызметін дамыту және жандандыру перспективасын талқылау болып табылады.

Күн тәртібінде Медиаторлар кеңесінің жоспарын бекіту мәселелері, ел Президентінің этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын іске асыру мәселелері, Жамбыл облысы медиаторлар кеңесінің төрағасын қайта сайлау және облыста медиацияны дамытуға кедергі келтіретін түрлі мәселелер қаралды. Жамбыл облысы ҚХА Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысушыларды 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы таныстырып, Медиация кабинетінің татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша жүргізіп жатқан жұмысының нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда артқанын атап өтті. Ағымдағы кезеңде медиация кабинеттеріне (1063) 2020 жылға (791) қарағанда 34,4% – ға артық  өтініш берушілер жүгінді. Бұл азаматтардың өңірдегі медиация институтын кеңінен таныту жөніндегі хабардарлығын көрсетеді. Шешілген жанжалдар мен даулы жағдайлардың (775) өткен жылмен салыстырғанда жалпы санынан 22,8% – ға артты (631), бұл медиация арқылы дауларды шешудің оң динамикасын көрсетеді. Пайыздық өсім облыстың барлық аудандарында билер кеңесі (11) мен қоғамдық келісім кеңесі (181) құрылып, жұмыс істейтіндігімен байланысты, олардың қатарына әр түрлі елді мекендердің ақсақалдары мен құрметті тұрғындары ғана емес, ҚХА медиаторлары да кірді. Медиаторларға қосылып, олар халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін және оң жақтарын сотқа дейін белсенді түрде насихаттайды.

Сондай-ақ, көрсеткіштерді арттыруда соттарда татуластыру рәсімдері белсенді пайдаланылатыны, дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ететін татуластырушы судьялар да бар. Пандемия қазір бірлескен қызмет уақыты екенін көрсетті, ал сындарлы келіссөздер мен медиативтік тәсіл сияқты тәсілдер қоғамда бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға мүмкіндік береді. «Бүгін біз ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек”, – деп атап өтті В.Досыбиева. Осыған қоса, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич Президент Қ-Ж.Тоқаев қойған мемлекетіміздің одан әрі дамуының міндеттері мен жаңа перспективалары туралы жиналған жұртты хабардар етті және ел Президентінің этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне назар аударды. “Мен қатысқан ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысында Қазақстандағы этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарға байланысты нақты міндеттерді қабылдау мәселелері қаралды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы жанжалдардың алдын алудың медиативтік-қалпына келтіру тәсілдері мен тетіктерін жұмыстың және енгізудің жаңа форматы қажет. ҚХА медиаторлары қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуі тиіс және “Этномедиацияны” құру Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері мүдделерінің тепе-теңдігі тетігіне айналады”, – деп атап өтті ол.

Байзақ ауданының медиаторы Ғайни Көшекбаева әріптесінің сөзін қолдап, «Біздің әрқайсымыз тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, халқымыздың бірлігін сақтау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға және біздің мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы әлемдік кеңістікте гүлденген және мықты ел болуы үшін жүйелі, тиімді реформаларды ілгерілетуге міндеттіміз!» – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Мектеп медиациясы бойынша әдістемелік құрал таныстырылды. “Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен жастарда мәдениет, жалпы психологиялық даму, адамгершілік, қалыптасқан құндылықтарды қабылдау және толеранттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру қажеттілік болып табылады, сондықтан мектеп ортасындағы қақтығыстарды азайту үшін білім беру мекемелерінде медиация қызметін құруды одан әрі жалғастыру қажет”, – деді ол. Жамбыл облысы Медиаторлар кеңесінің төрағасын қайта сайлау мәселесі бойынша Федорова Ирина Геннадьевнаның кандидатурасы ұсынылды, ол Жамбыл облысы “азаматтық құқықтарды қорғау комитеті” ҚБ басшысының м.а., Тараз қаласы “Бітімгер” медиация орталығының басшысы, “Радонеж”орыс қауымдастығы ҚБ өкілі болып табылады. Оның медиацияны ілгерілетудегі еңбегін ескере отырып, Кеңестің барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Отырысқа қатысушылар облыста медиацияны дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын енгізді. Енгізілген ұсыныстар: – халық арасында медиация институтын ілгерілету бойынша консультативтік-әдістемелік кездесулер өткізуді жалғастыру; – этносаралық және мәдениетаралық қатынастарды дамыту мен нығайтуға бағытталған БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялау; – жанжалды және дағдарыстық жағдайларда жастар арасында медиативтік тәсілдеме дағдыларын дамытатын медиативтік құзыреттер негіздері бойынша іс-шаралар өткізу; – этносаралық шиеленістің алдын алу бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және этномәдени бірлестіктер мүшелерімен өзара іс-қимыл бойынша кездесулер өткізу.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.

Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Президент қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестермен қарым-қатынасы туралы шынайы және батыл түрде тоқталып, елдегі бірлік, ынтымақтың қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, қаңтардағы қайғылы жағдай туралы айта келе, Мемлекет басшысы қиын сәтте берілген келеңсіз тапсырмаларды пысықтап айтып шықты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да сәтсіздіктерді айтуға сескенбеді. Мәселен,, ақпараттық «соғысқа» қатысты: – Сол кезеңде ақпараттық жарияланымдар жанында біз шарасыз болдық, онымен күресетіндей уақыт та, күш те тапшы болды.  Ол кезде  біз туралы кім  не айтатыны маңызды болған жоқ, – деді Қ.Тоқаев сұхбат барысында.

Сұхбат беру барысында елдің дамуы, халықтың әл-ауқаты үшін қажетті өзгерістер туралы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында трансформация қажет екенін атап өтті. Ол реформалар адамдарды өзгерту үшін жасалмайтыны, өзгерістердің тек қалыпты жүйеге ғана әсер ететінін айта кетті. Бұған қоса, жастарға көңіл бөлінді. Ел Президенті «біз қалаларда шоғырланбаған жастармен нақты жұмыс жүргізуіміз керек. «Jas Otan» қатарына жастар арасында сенімге ие, пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын көшбасшыларды тарту керек», – деді. Осы ұсыныс бойынша  жастардың білімі, жұмысын саралауда  қай бағыттар басым екендігі туралы сөз болды.

Қазақ елін дүр сілкіндірген кешегі қаңтар оқиғасы бәрімізге оңай тиген жоқ, қабырғамыз қайысып-ақ отырды. Кешегі күн – бүгінгі тарих, тәуелсіздігімізге 30 жыл толғанда қиыншылыққа жолығып, біраз есеңгіреп қалдық. Ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Ұйып отырған осы бейбітшілігіміз бен бірлігімізге жетер не бар?! Қандай қиын заман туса да, қандай қуаныш болса да ел іргесі бүтін, бірлігіміз бекем болсын!

Искандиров Мұқаш Зулкарнаевич, Жамбыл облыстық  мәслихат депутаты, ҚХА мүшесі

Кейде әрбір адам өздігінен батыл шешім қабылдауды қажет ететін қиын жағдайларға тап болады, қабылдаған шешімдеріне өзі жауап береді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін алғашқы сұхбатын берді. Бұл сұхбат саясаттағы ашықтық үлгісі бола алады. Президент реформалар мен саясатты ашық жүргізу туралы батыл шешімдерімен бөлісіп, үлкен өзгерістерге жол бастады.

Президенттің айтуынша: “Бұл нағыз соғыс болды, жауапкершілікті өз мойныма алу қажеттігі туындады. Біздің заңға сәйкес, Жаңаөзен оқиғасынан кейін қару-жарақ бақылаудан шығып кеткен жағдайда қаруды қолдану жағынан шектеулер енгізілген. Сондықтан, мен көпшілік алдында мәлімдеме жасамас бұрын да қарулы қарақшыларға оқ ашу керек деп айттым. Мен жауапкершілікті өз мойныма алдым».

Президенттің бұл батыл іс-қимылдарына бүкіл Қазақстан халқы қолдау білдірді. ҰҚШҰ елдерінің әскерлерін шақыру ең дұрыс, дер кезінде қабылданған шешім болғанын уақыт көрсетті.

Сұхбат барысында саяси реформалар, сондай-ақ кадрлық өзгерістер тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ.

Президент саясаткерлер қатарындағы жаңа тағайындаулар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Мемлекет басшысы кадрларды әлі де біліктілігі мен жұмыс сапасына қарай бағалау керектігін, тексерілген мамандар қажет екенін айтты. Сондай-ақ Президент реформалар тек кадрларды өзгертумен шектелмейтінін, өзгерістер тек жүйеге әсер ететінін түсіндірді.

Президент Қ. К. Тоқаевтың сұхбатынан кейін Қазақстанның болашағы туралы ой қалыптасты. Яғни, Мемлекет басшысы болашақтың білім, ғылым, жаңа технологиялар әлеуетіне және қазақстандықтардың әлеуетіне байланысты екенін атап өтті.

Сайып келгенде, халық қоғам мен бүкіл саяси жүйенің трансформациясы Қазақстанды экономикалық өсуіне әкелетініне сенімді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты

Ілияс Буларов

Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды.

Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды. Әр сөз жүрекке тез жетті. Мемлекет басшысы өткір және келеңсіз қойылған сұрақтарға да батыл түрде ашық жауап берді. Әр сөзінен нық сенімділік сезіліп тұрды. Бұл халык үшін маңызды және құнды, өйткені сенім Қазақстанның дұрыс дамуы үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруда жақсы көмекші болып табылады. Сондай-ақ, сұхбатта өмірлік маңызы бар салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер туралы да айтылды. Енді аркарай өмір көрсетеді, еліміздегі бұл өзгеріс-реформалар халық тұрмысын жақсы жаққа өзгертуге тиіс.

 

Сартиф Алиев, Жамбыл облысы бойынша “Барбанг” күрділер қауымдастығының төрағасы