ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен 1 наурыз елімізде «Алғыс айту күні» болып белгіленді
Бұл айтулы мереке қазіргі таңда елімізде кең көлемде тойлануда. Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт жер аударылды. Дәл бүгінгі күн репрессияның қиын жылдарында өзге этностарды жылы қабылдап, олармен баспанасын бөліскен қазақ халқына үлкен ризашылығымызды білдіретін күн.
Негізінде адамзат бір-біріне алғыс айтып ризашылығын білдіріп жүретін болса, соғыс атауы болмас еді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » – деген сөзді дана Абай айтып кеткендей, жұмақтың кілті – мейірімділікте екендігін түсінеміз.
Сонымен қатар, бірлігімізді одан әрі сақтау үшін мемлекеттік тілдің айналасында шоғырлануымыз қажет. Мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің рөлін күшейту және оның ұлтаралық қатынас тіліне айналуы туралы айтқан сәтінде ойына алған болатын.
Көктемнің алғашқы күніндегі «Алғыс айту» рухани мерекесі еліміздің басты байлығы – халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етері анық. Осындай айтулы мейрамда елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!
Мухабат Турдыева
Ұйғыр этномәдени бірлестігі төрайымы