Ауылым – алтын бесігім

Құдды бір қазақтың ұлан-асыр тойында жүргендей сезінді
        Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауылдық округтерде өткізіліп жатқан «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі бейсенбі күні қала маңындағы өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған Жалпақтөбе ауылында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
         Екі елді мекеннің тұрғындары бейбітшілік пен келісімде, өзара достық қарым-қатынаста тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ауылдарда ешкім ешкімді жатырқамайды, бөліп жармайды. Барлығының сөзі бір, тілегі бір, ол – ортақ шаңырағымыз Қазақстан, дамудың даңғыл жолына түскен киелі мекеніміз өсіп-өркендей берсін деген. Бәрі де тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, этносаралық қарым-қатынастың нығайа түсуіне, елге қызмет етуге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті халықтың бірлік пен ынтымақта күн кешуіне мүдделі. Бұл біздің жеке ой-пікіріміз емес. Сол елді мекендерде құрметті де беделді Төребек Үсіпбеков, Абдухалил Маюфи сынды ақсақалдардың айтулы шараның ашылуында айтқан салмақты да жүрекжарды сөзі.
       Ауылдардағы мекеме-ұйым қызметкерлерінің фестивальға жақсы дайындалғаны көзге көрініп тұрды.
       Заманауи нақышта безендірілген сахна, кіреберістегі қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық тағамдар қойылған ақ дастархан, өнерімен тәнті еткен өнерпаздардың киім үлгісі, сахнада өзін-өзі ұстауы, бәрі-бәрі құдды бір қазақтың ұлан-асыр тойында жүргендей әсер қалдырды.
        Өнерпаздар патриоттық сарындағы әуезді әнімен, қазақ, сондай-ақ түрлі ұлттың биімен, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын көрініс арқылы дәріптеуімен қарасы қалың болған жергілікті жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Олардың «Қазақстан жасасын!», «Тәуелсіздік жасасын!» деп ұрандатқаны көңілге қонымды, құлаққа жағымды естілді. Бұл – қазақ халқына деген шынайы сүйіспеншіліктің және үлкен құрметтің белгісі.
       Фестивальда өнерлі жастар, жасөспірімдер, балдырғандар бой көрсетті. Олар сахна төрінде жекелей де, хормен де ән салып, флэшмоб билеп, шараның қызықты өтуіне біркісідей атсалысты.
       Ауылдардағы мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев бастаған бір топ басшылар арнайы келіп қатысып, мәдениет ошағына жиналған көпшілікпен бірге концерттік бағдарламаны тамашалап қайтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні.

 Айтулы күннің шығу тарихына шолу жасасақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгіледі.
     Еліміздің Тәуелсіздік алған тұсында біз үшін жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталды.  Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын. Міне, содан бері 30 жыл ішінде Елбасының басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз.
       Бірақ, Тұңқыш Президент  Н.Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өтетін үлкен белес бар. Оның біріншісі – еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылуы. Екінші – 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Үшінші белес – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.
       Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, Алда алар асуларымыз одан да көп. Әлемнің дамыған елдерінің қатарынан ойып тұрып орын алуғаұмтылудамыз. Бұл белестің де, одан да зор асулардың да бағындырылатындығы сөзсіз.

Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын талқылау бойынша ҚХА медиаторларының “Бітімгер – Тараз” медиация

Үстіміздегі жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын талқылау бойынша ҚХА медиаторларының “Бітімгер – Тараз” медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторларымен кездесуі өтті, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі қызметіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесуде өңірдегі медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Владимировна Сафонова өңірдегі ҚХА медиация институтын ілгерілету қажеттілігі туралы айтып, облыс бойынша бірлесе күш жұмылдыра отырып, кез келген тұрмыстық жанжалдың этносаралық жанжалға көшуінің теріс бейімділігін еңсеру бойынша жүйелі алдын алу шараларын әзірлеуге шақырды.
–Бүгінде біз ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Жұмыстың жаңа форматын ұйымдастырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы шиеленістердің алдын алудың медиативтік-қалпына келтіру тәсілдері мен тетіктерін енгізу қажет. Аталған жанжалды шешу үшін ақсақалдар кеңесі, қоғамдық келісім, аналар өкілдері қосылатын болады. Біз қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін алдын алу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз”, – деді Лариса Сафонова.
Байзақ ауданы ҚХА медиаторы Ғани Көшекбаева медиаторлардың қатысуымен осындай жағдайлар қарастырылғанын атап өтіп, өз ауданында осындай дауларды шешу тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында “Бітімгер – Тараз” медиация және құқық орталығының төрайымы Федорова Ирина кәсіби медиаторлардың қауіпсіз әлеуметтік ортаны сақтауға бағытталған ынтымақтастық пен бірлескен қызметке дайындығын білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы

Тәуелсіздік – мемлекеттің басты байлығы

Тәуелсіздік – мемлекеттің басты байлығы. Әр мемлекет, әр түрлі жолмен тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ал Қазақстан үшін 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғалары халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылысының бастамасы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесі “ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылдады. Биыл тәй-тәй басқан егемен еліміздің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада өркендеген елдердің қатарына кірді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасының басты назарында болған жәйт – ел татулығы. “Ер татулығы – ел татулығы” демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады.  Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан “Ынтымақ түбі — игілік” дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!

 

Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі – Искакова Руфина

Тәуелсіздік – маңдайға біткен сый

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары орда бұзар отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше.

Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс.

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді халқымыз. Кешегі өткен хандар мен қағандардың дәуірі ғана емес, соңғы отыз жылдағы жасампаздық жолымыз да бүгінде тарихқа айналып, күн сайын алыстап барады. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Шын мәніндегі ахуал олай емес.

Елбасы сол кездегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да жағдайларға байланысты жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп, бір рет кесуге мәжбүр болды. Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақстанды құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек.

Елбасының ерең еңбегін айғақтайтын тағы бір мәселе – ұлттар достығы. 130 дан астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына жинап, бастарын біріктіріп, бір дастарханнан дәм татқызу Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан келе білді.

Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында еліміздің жеткен жетістіктері туралы ойлап қою да артық емес. Артқа қарар болсақ, халқымыз қаншама қиындықтарды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың арқасында жеңе білді. Ендігі алдағы уақытта тәуелсіз Қазақстан тек жақсылықтардың жаршысы болады. Бейбіт өмірдің туы Қазақстанмен егіз болмақ.

 

Абдурахман Зайнутдинов

Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

Этносаралық келісім – Қазақстан халқының бірлігінің негізі

«Этносаралық келісім – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» лейтмотиві біздің еліміздің бүкіл ішкі саясатының өзегі болып табылады. Өз кезегінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім төзімділікке негізделген. Ұлтаралық келісімді нығайту мәселесі Қазақстан алдында тәуелсіз, егеменді даму жолындағы алғашқы қадамдардан бастап туындады. Мемлекеттік тәуелсіздік миллиондаған қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен рухани әл-ауқатының кепілі болды. Қазақстан бұл тарихи мүмкіндікті толық пайдаланды.

Қазақстанда елдің этностық-мәдени әртүрлілігін әлеуметтік дамудың оң факторына айналдырудың барлық алғышарттары бар, өйткені барлық ұлттардың өкілдері өздерін жаңа мәдени қауымдастық – қазақ халқын құрушылар ретінде қабылдайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекет қоғамдық тұрақтылықты, этносаралық келісімді, қазақстандық бірегейлікті және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды қамтамасыз етудің өзіндік моделін жүзеге асырды.

Қазақстанның егеменді даму жылдары қоғам өмірінің барлық салаларында: мемлекеттік құрылуы, мәдени саясат және этникалық сәйкестіктің өсуі кезіндегі этностық идеялардың қайта өркендеу заңдылықтарын ұстанды. Бұл процесс барлық этностық қауымдастықтарға тән болды. Этникааралық қатынастардың сипатына әсер ететін ерекше факторларға саяси және әлеуметтік жағдайлар, сондай-ақ оның әртүрлі мәдениеттермен байланысын анықтайтын жеке бағдарлар жатады. Қазақстан ұлтаралық қатынастардың үлгісі ретінде БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар беделді халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алды, қазақстандықтардың барлық ұлттық қауымдастықтардың өз мәдениетін дамытуға деген заңды ұмтылысын толық қолдауы кездейсоқ емес.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында өз ана тілдерін Қазақстан халықтарының еркін қолдануы үшін жағдайлар жасалған. Осы мақсатта бірқатар мамандандырылған мектептер құрылды, онда оқыту Қазақстанның кейбір халықтарының ана тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының көптеген халықтары үшін бірқатар бағдарламалар Қазақстан Республикасының теледидары мен радиосында пайда болды. Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және этносаралық келісім – біздің мемлекетіміздің басты мақсаты. Бұл құжаттар мемлекеттік, ұлттық саясатпен айналысатын барлық органдардың жұмысында негізгі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Біз дамыған демократиялық елдердің жетістіктері мен біздің көп ұлтты қоғамымыздың үздік дәстүрлерін біріктіретін ашық, демократиялық, гүлденген еркін адамдардың қоғамы мен құқықтық мемлекет құрып жатырмыз» деп атап өтті.

Этносаралық тұрақтылық туралы, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру туралы айта отырып, оларды ұлттық қауіпсіздік жалпы тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек.

Жалпы алғанда, елде қазақ халқының саяси, көпұлтты қоғамының бірлігін сақтау мен нығайтудың бай және теңдесі жоқ тәжірибесі жинақталған. Мұның бәрі көп жағдайда көп ұлтты қазақ халқының бірлігінің үлгісін құрайды. Қазақстандағы этносаралық және дінаралық келісімнің құндылығы мен тәжірибесі бүкіл әлемдік қауымдастыққа танылған.

Қазақстан – бейбіт өмірдің жаршысы, дәл осы қалыпта қалуы үшін барымызды саламыз!

 

34 орта мектептің  директоры, Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі –  Динара Нуралиева

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу және қазақстандық жас буынға мәдени-рухани тәрбие беру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында, Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің жетістіктерімнің тарихы-менің елімнің жетістік тарихы» атты өңірдегі этномәдени бірлестік жастарымен сондай-ақ, «Жаңғыру Жолы» өңірлік штабының жастарына арналған шығармашылық кездесу өтті.
Кездесу аясында жастар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» және «Айша бибі» би ансамблдерінің шығармашылғымен танысты.
Айта кетейік, «Ақ кербез» би ансамблі 2012 жылдың ақпан айында құрылған. Қазіргі таңда көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың лауреаты болып жүрген би тобының репертуарында «Ерке сылқым», «Шаттық», «Аққу», «Жастар биі», «Жайлауда», «Гәкку», «Мереке», «Әз думан», «Қуаныш», «Ақсақ киік», «Ұйғыр», «16 қыз», «Қалыңдық», «Хорезм», «Үнді», «Түрік» т.б. билері бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Меркі ауданы күні мерекесі өтті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Жүсіп Баласағұн атындағы ОКЗ алдында Меркі ауданының күндері өткізілді. Аталмыш мереке Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталып жасалды.
Іс-шараға жалпы аудан бойынша 200-ден астам адам катысып, олардың 37-сі Меркі ауданы бойынша тіркелген 5 этномәдени бірлестіктен – славян, өзбек, түрік, қарашай-балқар, әзірбайжан этнос өкілдері қатысты. Шара барысында аудандық қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін, тұрмыс-ғұрыптарын жиналған жұрт көрме арқылы тамашалады.

Бүгін қарашаның 8 күні этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА мүшелері қалалық аурухананың ковид бөлімшесіндегі дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне және пациенттерге арнап 100 адамға арналған қайырымдылық түскі асын өткізді.

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтті.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров қайырымдылық түскі ас өткізуге қатысқан жандарға алғысын білдірді:
-Құрметті достар, Алла Тағала сіздің істеріңізде зор денсаулық пен амандықты арттыра берсін!, – деді ол.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Еврей қоғамының белсенділерінің жиналысы

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Тараздағы Ш. Уәлиханов атындағы  ғылыми-техникалық кітапханада Жамбыл облысындағы еврейлер орталығының белсенділері  Алматы мен Шымкент қаласындағы “Центр Забота Хэсэд Полина” республикалық қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің басшылығымен кездесті.

Шара барысында еврей қауымдастығының ақсақалы, журналист – Михаил Бунинге медаль табысталды. Бұған қоса, қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің директоры, Алматы қаласы “Шалом” этномәдени бірлестігі кеңесінің төрағасы Инесса Чугайнова сценарист, драматург, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы, Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының, сонымен қатар, Абай мен Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлықтарының лауреаты – Морис Симашконың шығармашылығына арналған II Халықаралық оқуларға қатысуға ұсыныс тастады. Бұл іс-шара 2022 жылдың көктемінде өтеді. Сондай-ақ, ол сол жылдың күзінде өтетін XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуды ұсынды.

Кездесу барысында Инесса Чугайнова Ш. Уәлиханов атындағы ғылыми-техникалық кітапханаға Адольф Арцишевскийдің «Наперекор и вопреки!» және Людмилы Варшавскойдың  «Вычитано и выверено мной окончательно!!!» кітаптарын сыйға тартты.

Өз кезегінде қонақтарға сыйлық ретінде “Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті” энциклопедиясы мен “Қазақстан халқы Ассамблеясы” фото-кітабы табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы