Таразда «Ұлттық ойыншық-халықтың игілігі!» атты фестиваль өтті

Қазіргі кезде дәстүрлі ойыншық халықтық стильді білдіретін белгіге айналды. Балалар ойынында – бұл тәрбие құралы, салттық тәжірибеде – мәдени атрибут, ал фольклорлық театр қойылымдарында-театрландырылған қойылымның кейіпкері. Қуыршақтың этникалық образы әр халықтың өз бейнесімен және ұқсастығымен жасалады. Дизайн ерекшеліктері, таңдалған материалдар, сондай-ақ қуыршақтың көркемдік экспрессивтілігіне қол жеткізу әдістері белгілі бір этникалық немесе аймақтық дәстүрлерді көрсетеді. Ойыншықтар күнделікті тұрмыстық қажеттіліктен туатындықтан халық шеберлері табиғат берген: саз, сабан, ағаш және т.б. нәрселерді пайдалан отырып қуыршақ дайындаумен әр этностың мәдени өткенімен байланыстырады.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың қазан айында «Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті» энциклопедиясын шығару және шығарылатын энциклопедия негізінде интерактивті карта жасау жобасы аясында «Ұлттық ойыншық – халық игілігі» деген тақырыпта фестиваль өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықтық ойыншықтарды ұлттық мұра ретінде жаңғырту, сол арқылы әр халықты өз этносының дәстүрлерімен таныстыру.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, барлығы 30 адам – балалар мен ересектер қатысты.
Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде концерттік қойылым өткізілді. Мұнда домбырашы Малдыбаев Рүстембек Аманбайұлының орындауында қазақ ұлттық өнері-ортекемен күй тарту көрсетілді. Бүгінде ортеке туралы барлығы біле бермейді. Арнайы жіптер жалғанған қуыршақ-марионетка домбырашының күй ырғағына қарай қозғалыста тұрады. Ағаштан жасалған қуыршақтың домбыра және дауылпаз сынды ұлттық аспаптарға жалғанған бұл түрі синтетикалық өнерден туындаған бұйымға жатады. Қазақстандағы зооморфтық бейнелерді бейнелеу дәстүрі ежелгі дәуірдің петроглифтерінен бастап қазіргі дәстүрлі қазақ ою-өрнектеріне дейінгі ең көне тарихқа ие. Ортеке – қазақ халқының музыка, ойын, қолданбалы, қолөнер және бейнелеу сынды түрлі салт-дәстүрлерін сипаттайтын қуыршақ.
Сондай-ақ, фестивальде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өнер көрсетуі ұсынылды, онда бірлестік өнершілері ұлттық қасықтармен түрлі музыкалық композициялар орындады. Музыкалық қасық – орыс мәдениетінің ажырамас бөлігі, орыс этносының ұлттық мұрасы және орыс этносының өзіндік дәстүрлік ерекшелігін, көркемдік талғамын және шығармашылығын дәріптейтін құрал.
Сонымен қатар, іс-шараға № 39 «Балдәурен» балабақшасының қуыршақ театры мен бүлдіршіндері қатысты. Орымбаева Әсел, Партабекова Индира және Борбаева Ұлжанның орындауында «Қара жорға» биі тамашаланды.
Қуыршақ театрының этностар арасында қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар екенін атап өткен жөн. Орталық Азияның қала тұрғындарының сүйікті ойын-сауығы қуыршақ театры саналып, оның қойылымдары мереке күндері базар алаңдарында ұйымдастырылып отырған. Бұл қойылымдар мұсылман державалары билеушілерінің съезі, түрлі мерекелері мен ойын-сауықтарында әзіл-оспақтармен күнделікті тіршіліктерін бейнелейтін болған. Сондай-ақ, дәстүрлі театрда қолғап қуыршақтары да қолданылды, оларды әдетте бір адам әр түрлі дауыстармен кейіпкерлердің репликаларына сәйкес ойнатады.
Концерт іс-шараға қатысушы балаларға арналған ғажайып сабын көпіршіктерімен аяқталды.
Фестивальдің екінші кезеңі балалар керамикасына арналған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» республикалық мұражай-қорығының экспозициясымен ұсынылды. Саз қолөнерінің тарихы біздің ата-бабаларымыздың табиғатпен тығыз байланыста болғанын және саздан жасалған сол элементтерді аса құрметтегені ежелгі заманнан бастау алады. Алдымен құстар мен жануарлардың кейпі көңілсіз бейнеленіп, олар діни заттар тұрғысында саналды. Кейіннен, ескі нанымдар тоқтатылған кезеңде, саз фигуралары балалар ойыншықтарының арсеналына айналды. Қазақтар үшін бұл шамдар мен жануарлар түріндегі тұрмыстық заттар болса, өзбектер мен тәжіктерде балалар ойыншықтары мен мүсіндер болды: аспак (жылқы), шер (арыстан) маймун (маймыл), хуштак (ысқырық), сансыз фантастикалық аңдар. Кавказ халықтарының шеберлері де балаларға өз ойыншықтарын мүсіндеді: сазды ысқырықтар сыртқы құстар мен жануарлар түрінде дүниеге келді, беті қарапайым өрнекпен қашалып безендірілген (сақиналар, ромбтар, қой мүйізі түріндегі бұйымдар және т.б.), ал әзірбайжандарда жануарлардың бейнесі белгіленген ойыншықтар көбірек орын алды.
Бұған қоса, көрмеде ҚХА шеберлері клубының мүшелері: Клименко Любовь Николаевна, Площенко Вера Евгеньевна, Хабарова Ольга Алексеевналар дайындаған дәстүрлі халық ойыншықтары көрсетілді.
Айта кету керек, көптеген халықтар арасында дәстүрлі ойын қуыршақтары үлкен маңызға ие болды. Қазақтар мен Орта Азия халықтарында дәстүрлі қуыршақтар ағаштан және мата қиындыларынан (шыт, жібек, барқыт және т.б.) жасалған. Қуыршақтардың бет-ауызы түрлі-түсті жіптермен кестеленіп тігілетін болған. Шаштары жіптерден немесе жылқының жалынан жасалды.
Сондай-ақ көрмеде Мырзамбетова Сәрсенкүл, Жанаева Аманкүл Серікбайқызы, Медведцкая Елена Владимировнаның заманауи ойыншықтары ұсынылды.
Фестиваль іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар таратумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2020 жылдың қазан айында мектеп медиация кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ерғазы Өтенұлы Тілеубеков, Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің мүшесі Ғайни Көшекбаева, Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрағасы Мейірбек Болатбеков, аудандық билер кеңесінің төрағасы, мектеп медиациясының жетекшісі, «Қызыл Жұлдыз» ауылының билер кеңесінің төрағасы Анарбек Еркінбаев, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері – АМК меңгерушісі Түргымбеков Жанатбек Әшімұлы, әдіскер Сабитбекова Разия Серікқызы, «Қызыл Жұлдыз» ауылдық округінің әкімі Нұрбаев өсер Әбдіжәлелұлы, Н.Ақшабаев атындағы ОМ директоры Сейдалиева Айсара Рашбайқызы, әкімшілік мүшелері, ата-аналар комитеті, ауыл жұртшылығының өкілдері, психологтар, әлеуметтанушылар, аудан мектептерінің тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі меңгерушілері қатысты.
Мектеп медиация кабинеті ашылғаннан кейін мектеп Медиация кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бұдан соң дөңгелек үстел отырысы өтті, оның барысында ауданда мектеп медиациясын одан әрі дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Сөз сөйлеген қатысушылар аудандағы медиацияның даму жағдайын талқылады. Аудандық сот төрағасы Ерғазы Тілеубеков өз сөзінде медиация қағидаттарына тоқталып: – Медиация – бұл аралық сот емес. Басты айырмашылығы-медиатор ешқандай жағдайда өзін пікірталастардан жоғары санамайды, оларға өз пікірін жүктемейді, ешқандай шешімге итермелемейді. Медиатор қарама-қайшылықты тараптарды белгілі бір шекараларда ұстайды, бұл олардың бір-бірін қорлауына, жеке тұлғаларға ауысуына, даулы мәселені талқылаудан бас тартуына немесе қатысушылардың біреуінің мүдделеріне нұқсан келуіне жол бермейді. Медиация процесінің мәні мынада, дауласушылардың өздері оңтайлы шешімге келуі керек, ол екі тарапқа да бірдей қатысты, ол барлық қатысушыларға түсінікті болуға тиіс, ал келісімдер олар тарапынан мүлтіксіз сақталуы қажет.. Сондықтан да болар мектептегі медиация қызметі көбінесе татуласу қызметі деп аталады. Медиацияның мақсаты-кінәлілерді іздеу емес, тығырықтан шығу жолын табу. Бұл оның арбитраждан, дәстүрлі сот талқылауынан басты айырмашылығы болып табылады, – деп атап өтті.
Өз сөзінде Ғайни Ақылбекқызы Көшекбаева да мектеп медиациясын ұйымдастыру қажеттілігіне баса назар аударып, мектеп социумы, оның ішінде: мектеп, отбасы және қоғам, ата-аналар, балалар, педколлектив екенін атап өтті.. мінезі, темпераменті, жасы, тәрбиесі, әлеуметтік жағдайы жағынан өте ерекшеленетін олардың әрқайсысының өзіндік дүниетанымы бар, оған сәйкес әрекет етілу керек екенін және барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, табандылықпен қорғауға дайын болуды айшықтап көрсетті. Мектептегі қақтығыстар болып тұратындықтан, ол дүрдараздыққа мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысады. Сондықтан, ең бастысы-барлық тараптар үшін ең аз шығындармен қақтығыстардан шығуды үйрену медиацияның басты міндеттерінің бірі екенін де тілге тиек етті.
Медиатор, Мектеп медиациясы кеңесінің төрағасы Анарбек Еркібеков екі адамның өз бетінше шеше алмайтын ең күрделі мәселелерді дұрыс шешу үшін үшінші тарап жиі шақырылатынын атап өтті. Бұл сот практикасының классикалық жағдайы: жанжалға қатысушылардың әрқайсысын кезек-кезек тыңдағаннан кейін, судья өз шешімін шығарады, тіпті егер ол мүлдем бейтарап болса да, барлық тараптарға әділ болып көрінуі екіталай (әйтпесе көптеген шағымдар қайдан пайда болады?!). Міне, үшінші тарап көмекке келеді, бейтарап тұлға-медиатор (лат. mediatio-Медиация).
Аудандық билер кеңесінің төрағасы Мейірбек Болатбеков қатысушыларға ауданның ауылдық округтерінде билер кеңесінің басшылары медиаторлармен бірлесіп тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісетінін, ал медиатор, «Қызыл Жұлдыз» ауылының билер кеңесінің төрағасы Анарбек Еркінбаев Мектеп медиациясы кеңесінің төрағасы болып сайланғанын, оған мектеп психологы Райхан Әбиева, Ақшабаев атындағы мектептің тәрбие және құқықтық жұмыстар жөніндегі меңгерушілері, ата-аналар комитетінің мүшелері, «Жас Ұлан», «Жас Отан» ұйымдарының белсенділері және т. б. кіретінін айтты. Ортақ күш-жігермен ғана «мектеп, отбасы және қоғам -болашақтың игілігі үшін екенін қайталап түсіндірді.
Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері-АМҮ меңгерушісі Жанатбек Тұрғымбеков, әдіскер Рәзия Сәбитбекова жиналғандарға мектеп медиациясын ұйымдастыру бойынша аудан медиаторларымен бірлескен алдын ала жұмыс жүргізі туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел отырысында осы мектепте ғана емес, ауданның басқа мектептерінде де одан әрі бірлескен жұмыс мәселелерін қарастыру талқыланды. Мектеп әкімшілігінің мүшелері: Бурыл, Амангелді атындағы, А. Сухамбаев атындағы, №1 мектеп-гимназиясы және т. б. аудан әкімінің орынбасары Дәуір Даулетовке, Иманова Салтанат, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығына ұйымдастыру мәселелерінде көмек көрсету туралы, облыстың ішкі саясат бөлімінің департаментіне, оның ішінде мектеп медиаторларын даярлау үшін дәріс ұйымдастыру өтініштері туралы және т. б. сұрақтар қойылды.

Облыс әкімі аппараты Қоғамдық келісім КММ
Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Сергей Есениннің мерейтойы аталып өтті

Поэзия кешін ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырды.
Биылғы Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған поэзия кешіне Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері мен мұғалімдері, этникалық бірлестіктердің өкілдері, барлық жастағы поэзия сүйер қауым қатысты.
Тараздағы Есенин оқулары он жылдан астам уақыт дәстүрлі түрде еркін форматта өткізіліп келеді. Ескерткіш алдында Ұлы ақынның естелігі мен құрметіне, Есениннің поэтикалық стилінің әсемдігімен бөлісуге тілек білдірушілер жарыса өнер көрсетті. «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы, «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокиннің жетекшілігімен Есениннің халық әндеріне айналған өлеңдері де орындалды. Іс-шараға орай, Владимир Сорокин: – Есениннің өлеңдерінде оның Отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Бұл поэзия интернационалды себебі ол мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әрбір жүрекке жақын. Бұл біздің жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шараларымыздың бірі. Есениннің шығармалары бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Міне, өз кезегінде қазан айындағы Есенин оқулары, қаламыздағы поэзияға құштар жандарды жинай білді»-деп өз ойын білдірді.
Жыл сайын мектеп оқушылары осындай әдеби оқуларға белсене қатысады. Өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген ынтасы да зор.
Поэзия кешінде тек өлеңдер ғана оқылып қоймай, ақын ескерткішіне гүл шоқтары да қойылды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы

Таразда «ҚХА-2020 үздік медиаторы» облыстық конкурсы өтті

Медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім және жалпыұлттық келісім саласындағы дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА кәсіби емес медиаторларын анықтау және көтермелеу негізінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тараз қаласының Достық үйінде «ҚХА-2020 үздік медиаторы» облыстық конкурсы өтті.
Қазақстан Республикасы ҚХА-ның даму тұжырымдамасын (2025 жылға дейін) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «ҚХА-ның 2020 жылдағы үздік медиаторы» атты облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Байқау медиация институтын ілгерілету және дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық келісім саласындағы дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА кәсіби емес медиаторларын анықтау және көтермелеу мақсатында өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қазіргі кәсіби емес медиаторлардың патриоттық рухын көтеру болды. Оған Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева барлық қатысушыларға Жамбыл облысындағы медиация институтын дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін алғысын білдіріп, амандық пен жұмыста табыс тіледі.
Жамбыл облыстық сотының судьясы-Нұрлыбаева Динара Нечаевна жеңімпаздарды лайықты марапатымен құттықтап, қоғамдық және этносаралық қатынастар саласындағы басты модератор болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастық медиацияны дамытуға үлкен серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ, «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Медиация туралы тақырып қозғалды, сондықтан дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамыту үшін медиация институты бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам үшін өзекті болып отыр», – деді судья Д.Нұрлыбаева.
Байқаудың жеңімпаздары: 1-дәрежелі – Абдуллаев Таджир Максим-оғлы (Шу ауданы ҚХА медиаторы); 2-дәрежелі-Инаркиев Өзбек Гондалоевич (Шу ауданы ҚХА медиаторы), Дауылбаева Сауле Раймаловна (Жамбыл ауданы ҚХА медиаторы); 3-дәрежелі – Рахметов Өмірбек Қуанышұлы (Жуалы ауданы ҚХА медиаторы), Амирова Нұрлыкүл Сейсенбайқызы (Жамбыл ауданы ҚХА медиаторы, Тортаев Айбол Бейсенұлы (Меркі ауданы ҚХА медиаторы), Балабеков Серік (Байзақ ауданы ҚХА медиаторы) марапаттарға ие болды.
Бұған қоса, Медиатор кеңесінің төрайымы Сафонова Лариса Владимировна «ҚР ҚХА 25 жылдығы» құрмет медалімен марапатталды. Қалған жұмыс істейтін медиаторлар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтасатын кәсіби медиаторлар да болды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы
Бибігүл Шахзада

Page 2 of 2
1 2