Медиация бірліктің негізі

Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.

Семинарға  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.

Семинар өткізудегі басты мақсат  медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.

Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.

Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен  тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

аппарата акима Жамбылской области

Қазақ әліпбиінің көркем таңбалануы

Үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Жалпы білім беретін орта мектептердің «Көркем еңбек» сабағындағы Қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі  Каллиграфия және леттерингі» тақырыбында семинар өткізді.

Латын қаріпіндегі қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты – отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын, қазақстандық бірегейлігін қалыптастыру, латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.

Қазақ және орыс тілдерінде екі секцияда жүргізілген семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар басы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Майкович Вера Андрейқызының алғы сөзімен басталды. Вера Андрейқызының айтуынша ұстаздарға қазақ әліпбиінің латын қаріпінде көркемделіп жазылуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастыратын көрінеді.

  • «Әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігінің зор екендігін дұрыс түсінуді насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бағыттарын айқындау, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы және мемлекет дамуының эволюциялық жолы болып табылатын жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру біздің негізігі міндетіміз болып саналады. Бүгінгі толқын келесі толқынның заман талабына сай өсіп-жетілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Міне, сондықтанда сіздерді жинап сабақ барысында оқушылардың латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің дұрыс таңбалануын үйретсе екен деген тілегіміз бар және жәй ғана үйретпей аса көркемдік пен әсем жазылуын бойларына дарытса екен деп отырмыз» – дейді, көрме залының жетекшісі.

Семинарды қазақ тілінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының» қосымша білім беруші педагогы – Бегайдарова Эльмира Сарсенқызы жүргізсе, орыс тілініде №40 мектеп-гимназияның мұғалімі – Шайхеслямова Диана Тимурқызы өткізді. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді.  Жазулары өзгелерден ерек жазылған ұстаздар өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.

Жиын соңында мұғалімдерге сертификаттар табысталды. Ал, семинарға қатысушы ұстаздар тарапынан шараны ұйымдастырушы мекемеге алғыс айтылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары мен кандидаттары Байзақ ауданының жалынды жастарымен кездесті

Қазақстан халқы ассамблеясының РММ «Қоғамдық келісім» тапсырмасы бойынша  Жамбыл облысында  «Жастардың алтын бесігі» атты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының кандидаттары мен жеңімпаздары  Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің жастарымен кездесті.

Жастар жылы аясында өткен жиынға Жамбыл облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов Абетаевич, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы  Жамбыл облыстық қан орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының “Айналайын” балалар-жасөспірімдер орталығы “Жастар клубы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Разакова Айгуль Ашимовна қатысып, жастармен жетістікке жетудің жолы жайлы ойларымен бөлісіп, білім бәсекесінде озық болуға шақырды.

Жанына рахат сыйламаған  мейрамханадан бас тартып, балаларға арналған тегін мектеп ашқан Разакова Айгуль Ашимовна:– «100 жаңа  есім тізіміне кіремін деп ойламадым. Мен тек өзіме бақыт сыйлайтын жұмыспен айналыстым. Және сол еңбегім осындай жеңіске жеткізді. Жас кезімізде 90-жылдары  жолдасым екеуміз 3 бөлмелі уйімізден балаларға арналған тегін мектеп аштық. Мектептің шығынын өзім куніне 4-5 шұлық, 1 жемпір тоқып өтедім. Солай мектепте бірнеше үйірмелер аштық. Қазіргі уақытта орталығымыздағы 9-сынып оқушысы би өнерінен «Қазақстан рекордтар»  кітабына енді. Менің айтқым келгені Сендердің әрқайсыларың осы «100 есімнің» қатарында болуға лайықтысыңдар. Тек жас кездеріңді бос істермен әурелемей, қазіргі кездің өзінде үлкен жетістікке жете алатындарыңды түсінсеңдер деймін.

Өскелең ұрпақтың санасында әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизмді нығайтға бағытталған кездесуден жастардың алған әсері ерекше.№ 3 Байзақ колледжінің студенті Мыңжасар Нұрқасым Жамбылұлы кездесуден алған тәліміменбөлісті:– «Бүгінгі кездесуден колледжіміздің жастары ерекше әсер алды. Жиынға қатысып, тағылымды дүниелер айтып жастарды жігерлендірген қоғам қайраткерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Алдағы уақытта осындай  кездесулер жиі ұйымдастырылса біз тек қуанамыз!»

Шара нәтижесінде жастар білім-ғылым саласында жетістікке жетіп, өз істерінің шебері атанған кейіпкерлермен ашық әңгімелесе отырып«Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасы жеңімпаздарының нақты жетістіктерімен танысып, болашаққа бағдар алды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі өкілдерінің Тәжікстан консулымен кездесуі өтті

Бүгін 1 қазан күні Тараз қаласының Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі мүшелерінің Тәжікстан консулы Баходур Казрилмен кездесуі өтті. Жиынға Аналар кеңесі және ақсақалдар кеңесі қатысты.

Тәжікстан консулы Б.Казрил өз сөзінде Қазақстан және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы ілгерілікті атап өтіп, ҚХА қызметкерлері мен тәжік ЭМБ мүшелеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында әлеуметтік-тұрмыстық және заңды сипаттағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, азаматтық алу, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы және соның салдарынан тұрмыстық жағдайда көптеген мәселелердің туындауы қозғалды.

Жиналыс соңында консул Баходур Казрил алғыс ретінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызына естелік-сыйлық табыс етті.

Көне Тараздан киелі Түркістанға дейін

Ежелгі Тұран  – қазіргі Түркістан. Көненің көзі, асылдың сынығы қалған, бүкіл Қазақ жұртшылығының ақсүйектері жерленген  қасиетті мекенге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бірқатар белсенділері мен өңірлік этнос өкілдерінің жас мүшелері саяхат жасап қайтты.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының 2019 жылғы «Жастар жылына» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 25-27 қыркүйек аралығында  облыстың «Жаңғыру жолы» жастары республикалық  «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында  Түркістан облысының тарихтан сыр шертер көне жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Шараға  облыстық ассамблеяның белсенді жастары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының мүшелері, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқушылары мен білімгерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, барлығы 50 адам қамтылды.

Экскурсияның басты мақсаты –  Қазақстандағы жастар жылы аясында Түркістан, Жамбыл облыстарының белсенді жастарын Қазақстан президенті Жолдауы жүктеген міндеттерге жұмылдыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген қазақстандық патриотизм құндылықтарын ілгерлету болып табылады. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты еліміздегі ішкі туризмді қалыптастыру, өлке тарихымен және оның географиясымен таныстыру.

Көне Тараз шаһарынан ежелгі Түркістанға бет алған жастардың керуені жол бойында еліміздің оңтүстік астанасы саналатын шырайлы Шымкент қаласына тоқтап, жергілікті ассамблеяның жастарымен жүздесті.

Кездесу басында сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы жергілікті ассамблея қызметкерелеріне алғысын айтып, жастарға жалынды сөздерін арнады. Сондай-ақ экскурсияның алдағы бағыт-бағдарларымен таныстырып, жастармен бірге атқарылып жатқан жұмыстың жүйесіне тоқталды.  Кездесу барысында  екі жақтың жыл бойы атқарылған жұмыстарының қорытындысы, Жолдауға қолдау білдірген жастар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендждің жалғасуы туралы ойлар мен пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, аталмыш челленжді ары қарай дамыту мақсатында Шымкент қаласының жастары жамбылдық жастарға эстафета жолдады. Жастар одан әрі шырайлы Шымқаланың  қаланың «көрсе көз тоймас» жерлерін аралап, естелік-фотосессия ұйымдастырды.

Жамбылдық жастарды алда киелі Түркістан күтіп тұр еді. Экскурсияның екінші күні Қожа Ахмет Яссауи, Рабиға-Сұлтан Бегім кесенелері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан орын тепкен емдік қасиетке ие шығыс моншасы, Хильвет жер асты мешітіне, Шәуілдір ауылындағы  Арыстан-Баб кесенесі (Қ.А. Яссауидің мұғалімі және рухани тәлімгері), Отырар қалашығы (археологиялық қазбалар),  Отырар тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасаған жастар тарихпен бетпе-бет келгендей әсер алғандарын жасырмады.

Қ.А.Яссауи кесенесі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәу ету орнына айналған. Мекеме қызметкерлері ассамблея жастарына бассұққан әр киелі орынды жіті таныстырды. Олар туралы көптеген ақпараттармен бөлісіп,  тарих тұнығынан сусындатты.

Саяхат барысында штабтың белсенді мүшесі Лигостаев Артур: – «Қазақ даласының әр тасын түртсең  тарихын көресің. Бұл мен үшін өте қызықты сапар болды. Себебі, мұндай көріністер бізді сан ғасырларға көз жүгіртеді.  Ал, өткеніміз – тарихымыз. Тарихта біздің ата-бабаларымыздың ізі бар. Бұл экскурсия бізге тек көңілді саяхат қана емес, тұнып тұрған руханият. Мен осында келгеніме өте қуаныштымын және осы саяхатты ұйымдастырған облыстық ассамблеяға алғысымды айтамын. Алдағы уақытта жастарға осындай рухани, мәдени, тарихи азық сыйлайтын өңіраралық «Өлкетану» турлары көп болса екен. Біз бір сәт күнделікті күйбең тіршіліктен сергіп, тарихқа саяхат жасап қайттық.» – деп өз ойымен бөлісті.

Сапар соңында ассамблея жастары Түркістаннан «тәбәрік» ретінде туыстары мен таныстарына түрлі сувенир-базарлықтар алып, киелі Түркістан кесенелері маңында суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда «Медиацияны кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде дамытудың келешегі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар Кеңесі «Кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиацияны дамыту шаралары» атты кеңейтілген отырысын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті.

Судьялар, заңгерлер, адвокаттар, ҚХА медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды реттеуде «Медиация туралы» заңды қолданудың қиындықтары мен алға қойылған іс-шаралары, жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу, оның әлеуетін жүзеге асыру жолдарын, отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу әдістерін талқылады. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар белгіленген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізді:

– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу бойынша медиация технологиясын қолдану туралы;

–  қала және аудан оқу орындарында консультативтік-әдістемелік кездесулер өткізу туралы;

– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар туралы (әзірлеу).

Мәжіліске қатысушылардың бірі Жанна Мамышева – «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы» ЖҚБ жетекшісі, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды баламалы реттеудің қиындықтары мен алға қойылған міндеттерін атап өтті: – «Мен бір тың жаңалық ашпай-ақ қояйын, дегенмен де,  жастардың басты мәселесіне келіп тоқталатын болсақ, жұмыссыздық, талапсыздық және алға ұмтылу  жоспарларының  болмауы көп келелі мәселеге әкеп соқтыратыны сөзсіз. Егер қалада мүлдем жұмыс жоқ деп айтар болсам, объективті болудан қорықпаймын. Жұмыс әрдайым бар! Бұған басқа елдерден келген мигранттар санының жыл сайынғы өсуі дәлел. Бірақ мәселе бар жұмыс жастардың талаптарына, сұраныстарына және амбициясына жауап бермейді.  Қалалық жастар ресурстық орталығының (ЖРО) мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласындағы жастардың саны 14 пен 29 жас аралығындағы 86 553 адамды құрайды.  Бір жағынан қалада жастардың дамуы мен өсуі үшін барлығы бар! Бұл бірінші кезекте жоғары (ЖОО) және орта (ЖҚС) оқу орындарының болуы. Студенттердің жалпы саны: 40 500 адам, бұл қала жастарының жартысын құрайды. Жыл сайын 7689 түлек шығарылады, бірақ тек 4152 түлек жұмысқа орналасады, бұл 54% құрайды. Бұл басқа мемлекеттерде оқитын жастарды санамағанда, оқыту және кадрларды даярлау үрдістерінің айқын өзгерісі.  Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында былай деп атап өтті: – «Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, сонымен қатар ұлт өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, табысқа жетуге мүмкіндігі бар» дәл осы қажеттілік пен бәсекеге қабілеттілік, еңбек нарығының басты критерийлері! Басқаша айтқанда, жыл сайын қаланың жоғары оқу орны мен СУЗ-лары елдің бюджет қаражатының жартысын және азаматтардың жинақтарын тиімсіз жұмсайды!».

Отырысқа қатысушылардың барлығы жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу жолдарын іздестіруге бір ауыздан келісіліп, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Мектептерде, колледждерде консультативтік-әдістемелік кездесулер ұйымдастырып, топтық бірлікті дамыту және қалыптастыру үшін рөлдік ойындар өткізу, соған қоса мектептегі, отбасындағы, ауладағы жанжал барысындағы Медиацияның араласуы, сондай-ақ сыныптың, мектептің дәстүрлері мен құндылықтарының бірыңғай жүйесін құру шараларын қарастыру да көзделді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Заманауи медиация және оның жастар қоғамындағы орны

Жыл өткен сайын Қазақстанда сот қарайтын істер қатары көбейіп барады. Ресми деректерге назар аударсақ, биылғы жылдың басынан бері сотқа 3 миллионнан астам шағым түскен екен. Әр шағымның тасасында дауласушы екі тарап тұрғанын ескерсек, қазіргі күні 6 миллиондай адам соттасып жүр. 18 миллион халқы бар еліміз үшін бұл көрсеткіш аз ба, алде көп пе? Оны ойы қарақты оқырман өзі анықтап алар. Сот қарайтын істер санының көбеюінің астарында судьяларға түсетін жүктеменің көптігінен бөлек, әлеуметтік тұрақтылығымызға қатер төндіретін жай тұрғанын ұмытпауға тиіспіз. Осы орайда, дауласушы тараптарды татуластырып, тіл табыстыратын медиация институтының тигізер ықпалы аз еместігі қазір аз айтылып, аз жазылып та жүрген жоқ. 

      Ресми мәліметтер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда қолайсыз отбасылар, суицид жасауға бейім балалар қатары көбейіп барады. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, тіпті маскүнемдік жайлар да орын алып қалады. Үлкен балалардың әлімжеттік жасап кішкентай балалардың ақшасын, ұялы телефонын, басқа да заттарын тартып алатын немесе жай ғана ермек үшін ұрып-соғып, намысын таптап жататын жайлар да ұшырасады.
Осылардың бәрі мектепте медиацияны енгізу қажеттігін анық көрсетеді.

Осы негізде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында Тараз қаласының Достық үйінде  «Мектеп медиациясы» атты семинар-тренинг өткізді. «Жаңғыру жолы»  ҚХА  жастар қозғалысының өкілдері, колледж студенттері мен қала мектептерінің оқушылары  білім беру ортасындағы жанжалдарды болдырмау және шешу бойынша медиативтік тәсілдер бойынша дәріс алды.

Семинар бағдарламасы заманауи медиациядағы шешендік шеберлік жүйесінде негізделген және аразданушы жақтарымен коммуникациядағы басты спикер ретінде медиатор бейнесінің сыртқы және ішкі элементтерін, сонымен қатар, коммуникативтік дағдыларын нығайтуға бағытталған тәжірбиелік жаттығуларынан тұрады.

Іс-шараны аша отырып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы  жастардың қолында біздің мемлекетіміздің болашағы тұрғанын және осындай оқыту курстарын өткізу жанжалды жағдайларда өзін-өзі ұстаудың практикалық дағдыларын алуда белгілі бір нәтижелер беретінін атап өтті:  -Құқық бұзған бала өз құрбылары тарапынан айтылған уәждерге тоқтап, өзінің қателігін түсінеді. Бұл оның сондай әрекетті қайталамауына және жанжалды жағдайдан ұрыс-керіссіз, ренішсіз шығуына көмектеседі.
Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады. Осы орайда, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі.
Менің ойымша, медиацияны жалпы білім беретін мектептерде ғана емес, колледждерде, университеттерде де енгізген жөн. Кәсіби және жоғары оқу орындарында да жастар арасындағы жанжалды оқиғалар әлсін-әлсін орын алып жатады. Ал, медиация қызметі оны екі тараптың мүддесіне сай шешіп қана қоймай, мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға да игі ықпалын тигізетін болады.

Медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы іс-шараға қатысушы жастарды оқу орындарында медиацияны қолдану және әр қолайсыз жағдайда  қауіпсіз кеңістікті құру тәсілдерімен таныстыра отырып,    дәрісті интерактивті тренинг форматында өткізді. Оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, «миға шабуыл», дискуссиялар, жеке байланыстары бар имитациялық медиация әдіс-тәсілдері қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу жолдары мен медиацияны тиімді қолдану тәсілдері ұсынылды, олар делдалдық және келіссөздер арқылы табысты .

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі

орталығының  басшысы Бибігүл Шахзада

Талдықорған қаласында «Мәдениеттер калейдоскобы» атты Тараз және Алматы облыстары этномәдени бірлестіктерінің өңіраралық туры өтті

Ағымдағы жылдың  қыркүйегінде Талдықорған қаласы «Достық үйінде» Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастыруымен  этномәдени бірлестіктер арасында «Мәдениеттер калейдоскобы» атты Жамбыл және Алматы облыстарының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  штабы мүшелерінің қатысуымен  өңіраралық тур өтті.

Екі облыс жастарының кездесу туры  олардың бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этникасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге бағдарланған.   Кездесудің басы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Убайдуллаева Рано Махсудқызы және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлының ізгі тілектерімен басталды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы: «Біздің келуіміздің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құндылықтарды қалыптастыруға, қазақ елінің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өркениетін, дүниетанымын Қазақстан халқы арасында насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру. Өңіраралық турдың негізгі міндетінің өзі – ұлттық мұраны нығайтуға және қазақстандық жас буындарға мәдени-рухани тәрбие беруге ықпал ету болатын. Осы тұста Алматы облысының тарихы мен мәдениетін таныстыру экскурсиясы жамбылдық жастарға рухани серпіліс әрі шығармашылық әлеуетін ашады деген сенімдемін. Облыстар арасындағы осындай бірлескен іс-шаралар этномәдени бірлестіктердің тәжірибе алмасып, екі өңірдің жастары арасында достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді» – деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, кездесу барысында Жамбыл облысының «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының атқарған жұмысы туралы өңірлік штабтың белсендісі Алиев Хабиб сөз сөйлеп, жыл бойындағы жолға қойылған жоспарлардың жүйелі нәтежиелерімен бөлісіп, екі облыстың жастар қанаты тәжірибе алмасты. Кездесу кезінде ҚР Президентінің жолдауы бойынша Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері Лигостаев Артур мен Пряхина Русалина және Алматы облысының өзге этнос өкілдері өзара пікір алмасып, ой қозғады.

Өңіраралық кездесуде жастар Талдықорған қаласындағы М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану және І. Жансүгіров атындағы облыстық әдебиет мұражайларымен танысты. Сондай-ақ,  Жамбыл облысының «Жаңғыру жолы» ЖҚ штабы мүшелері алматылық ағайынға тараздықтардың ыстық ықыласын жеткізу үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Алматы қаласының «Жаңғыру жолы» ЖҚ өкілдері жамбылдықтарды Алматы облысы, Үштөбе қаласындағы «Қазақ халқына алғыс!» атаумен депортацияланған этностардың ризашылығы ретінде салынған ескерткішпен таныстырды. Сан жылдық тарихтан сыр шертер ескерткіш жастардың назарына ерекше ілінді. Сонымен қатар, кездесу кезінде жастар Алматы облысы, Қаратал ауданындағы Кемел Тоқаев атындағы саябаққа саяхат та жасап үлгерді.

Кездесу соңында жастар өңіраралық турдан алған әсерлерін ортаға салды. Жамбыл облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Алиев Хабиб турдан алған әсерімен бөлісіп, адағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын тауып,   тәжірибе алмассақ екен деген тілегін де жасырмады. «…Құрметті алматылық  белсенді жастар, ел ертеңі  біздің қолда. Осы орайда біз жүйелі жұмыс атқарып, қомақты нәтиже  көрсете білуіміз керек. Бүгінгі өңірарлық турдағы басты міндетіміз – қоғамның назарын қазақ халқының қасиетті мұрасы дәстүрлерінің бірегейлігіне, этностар мәдениетінің әртүрлілігіне және өзіндік ерекшеліктеріне баса назар аударту, Қазақстандық ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу, өскелең ұрпақты қазақстандық бірегейлік пен патриотизм рухында тәрбиелеуіміз керек. Сонымен қатар, өңірлердегі кесенелердің тарихымен жіті  танысып, облыстар арасында іс-шараларды ұйымдастырып, өздеріңіз секілді өзге өңірлердің мамандарымен танысып тәжірибе алмасу қажет. Ұлттық мұраны насихаттау және қазақстандықтардың жас буынын мәдени-рухани тұрғысынан тәрбиелеу, қоғамдық келісімді қалыптастыру және халық бірлігін нығайтуда бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет», – деді  белсенді жас.

Жастарға жаңаша мүмкіндіктер сыйлап, тәжірибелерін еселеген, таным-тыныстарын кеңейткен турдың соңы екі облыстың бір-бірлеріне естелік сыйлықтар табыстаумен тәмамдалды. Бір елдің баласындай, бір қолдың саласындай жұмыла жұмыс істесе алынбас асу жоғын білген жастар аталған жиыннан ерекше әсер алып қайтты.

Жамыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі бөлімінің басшысы

Бибігүл Шахзада

«Жамбылым-жер жаннатым» атты үздік эссе байқауы өтті

2019 жылдың  28 қантарында облыс әкімі бекіткен  іс-шаралар жоспарының 26 тармағына  сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында,Жамбыл облысының  80– жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе байқауы өтті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған байқауға аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерден барлығы 60-қа жуық студент қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша дәстүрлі байқаудың биылғы жылғы қатысушыларының саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан.

Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

«Жамбылым-жер жаннатым» атты  үздік эссе байқауынақатысуға облыстағы әр жоғары оқу орындары және  колледждерден 4-5студенттен қатысты. Олардың өтініштері ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 –шы жұлдызына дейін қабылданды.

Эссе байқауына қатысушы жастардың байқау барысында тәртіп бұзбауын қадағалап, талапқа сай болуларын назарларында ұстаған қазылар құрамында №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самекова Қаламқас Нұрланқызы, №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Сәуле Оменқызы және №53 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Сеитбекова Меруерт Исмаилқызы болды.

Байқауға қатысушыларға қойылар басты талап  «Жамбылым-жер жаннатым» тақырыбында 60 минут ішінде қазақ тілінде 250 сөзден кем болмауы тиіс және ережеде көрсетілген критерийлерге сай эссе жазып шығулары керек болатын.

Эссе жазуға сағат таңертеңгі онда отырған қатысушылар талапқа сай 60 минут ішінде аяқтап шықты. Байқау нәтежиесі дайын болғанша студенттер «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.

Байқау қортындысы шығып кезек марапаттау сәтіне де жетті. Сәуле Оменқызы«Барлықтарыңыз тағатсыздана күтіп отырған боларсыздар. Әрине байқауда бірде баб, бірде бақ жанады. Оның үстіне сіздерге қазақ тілінде эссе жазу  айтарлықтай оңай бола қоймасы анық. Десе де, эссені басым көпшіліктеріңіз өте  жақсы деңгейде, ережеде көрсетілген критерийлерге сай жазып шыққансыздар. Қасымдағы әріптестеріммен бірге жазылған эсселерге мұқият қарап шықтық. Шығарманың жоғары сауаттылық деңгейі, тақырыптың айқын ашылуы, баяндаудың әдеби стилі және  байқау  тақырыбына сай болуы сынды басты талаптарға ерекше мән берілді. Нәтежиесінде жеңімпаздар анықталды. Осы тұста барлықтарыңызға рахмет айтқым келеді. Тілге деген құрмет, байқауға деген белсенділіктеріңіз жыл сайын арта берсін»- деді,  №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Газаева Маргарита және Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінен Дурсунова Ульфедина І орынды иеленді. ІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіненГазаева Салимат, №13 Тараз теміржол колледжінен Сарыбаев Тимур, «Парасат» колледжінен Юлдашева Диера және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен Столярова Карина қанжығалады. Ал, ІІІ орын Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Амзова Нилюфар, №13 Тараз теміржол колледжінен Каракулов Зафар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіненХакимов Умитжон, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен Телепко Руслан, Цхай Камилла және Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінен Мирзаева Эльмираға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Қалған қатысушыларға жаппай ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттар табысталды.

Қатысушылар жаппай естелік суреттерге түсумен тарқасты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

«Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурызда №511 жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген болатын.

Отбасы күніне орай Жамбыл облысы ҚХА қолдауымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «2019- Жастар жылы» негізінде  облыстық этномәдени бірлестік жас отбасыларының  арасында  «Берекелі шаңырақ» атты  семинар-тренинг фестиваль байқауы өтті. Жыл сайын жас отбасыларды басын біріктіріп бабы мен бағын жарыстыратын дәстүрлі сайыс бұл жылы семинар-тренинг фестиваль байқау түрінде өз жалғасын тапты.

Фестивалдің мақсаты отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, этномәдени бірлестіктердің үздік жас отбасыларын анықтау және көтермелеу, жас отбасы институтын қолдау болып табылады.

Шараға жас отбасылар, жастар саясаты жөніндегі сарапшылар, республикалық және қалалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мүшелері, жастартар қанаты  және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль оқыту курсы және фестиваль-байқау бойынша екі бөлімде өтті. Бірінші бөлімде қатысушыларға «Отбасы институтының қоғамдағы рөлі» тақырыбында жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша практикалық құралдарды меңгеру үшін дәріс оқылды. Сондай-ақ, қатысушылар аудиторияның проблемаларын анықтауға, өмірде болып жатқан түрді отбасылық мәселелерді шешуге  және талқылауға бағытталған тренингке қатысты. Аталған дәріс пен тренингті Жамбыл облысы бойынша «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын қолдау орталығының үйлестірушілері ұйымдастырды.

Ал, екінші бөлімде этникалық отбасылық дәстүрлерді білу, қатысушылар оқыту курсы кезінде алған білімдерін, психологиялық икемділігін және күрделі отбасылық мәселелерді шеше білуін саралау мақсатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.

Қатысушылардың байқау барысында әділ бағаларын беріп отыру үшін әділқазылар алқасы құрылды. Қазылар құрамында «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын қолдау орталығының үйлестірушілері Ильясова  Адемэ, Рапылбекова Мира және Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы болды.

Мухаббат Сайдуллақызы «Отбасы мемлекеттің шағын ұяшығы. Отан болу отбасынан басталады. Демек әр отбасы өз жанұясының іргетасын мықтап қаласа мықты Отан құрылады деген сөз. Ендеше сендердің міндеттеріңде осы. Құрған отбасыларыңның шаңырағын биік етіп, керегелерін кең, терезелерін тең етіп ұстау. Отбасыда әр адамның өзіндік міндеттері болады. Ері отбасының қорғаны, тірегі, қамқоршысы бола білу керек. Сол секілді әйелі де отбасының шырағы, жылуы, балалардың тәрбиешісі, ұйытқысы болуы тиіс.Бұл байқауды өткізу жылда дәстүрге айналған. Биылғы жылы бұрынғыдан өзгерек өтті. Оған баршамыз куәміз»-деді, марапаттау сәтінде.

Жиырма жас отбасы бақ сынасқан бәсекеден нәтежиесінде I орын ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы филиалы» қоғамдық бірлестігінен Алиевтердің шаңырағына бұйырды. Дәрежесіне сай мәреден бірінші көрінген отбасыға соңғы үлгідегі телевизор тарту етілді. II орын «Жамбыл облыстық «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен Шабденбектердің қанжығасына байланды. Жүлделді орынға шаңсорғыш тұрмыстық техникалық құралы тарту етілді. Ал, ІІІ орынды «Жамбыл облыстық «Коре» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінен қатысқан жас отбасы елшіледі. Жеңісті жұп қысқа толқынды пешке ие болды. Қалған он жеті қатысушының жетеуіне белсене қатысқаны үшін ыдыс-аяқ жабдығы берілсе, он қатысушыға тоқпен қайнатылатын шәйнек тарту етілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыға сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Марапаттау салтанатынан соң шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертте «Үкілім-ай» би ансамблі, Жанболат Таласбай және «Болашақ» вокалдық триосы өз өнерлерін көрсетіп ән мен биден шашу шашты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі