ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНДА ЖАЛҒАСҚАН ҰЛЫ ДОСТЫҚ

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұрпақтардың ризашылығы – ұлтаралық татулықтың, бірлік пен достықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени

бірлестіктерінің мүшелері және жастар қатысты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, тарих ғ.к., модератор – Сейдахан Бақторазов жиынды алғыс күніне орай құттықтау сөзімен бастады.

Сонымен қатар, жиында «Қарашай-балқарлар – Бірлік» Жамбыл облысы қоғамдық бірлестігінің Архыз филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Леля Узденова достықтың мәңгілік бесігіне айналған этностар бауырластығы туралы сөз қозғады.

Туыстық пен тұтастық мұрасы ұрпақтар сабақтақтастығына ұласқан Ұлы елде жастар жайлы сыр шертілмей қоймасы анық. Жиында жастар арасындағы Алғыс айту күнінің мәні мен құндылықтары туралы сөз қозғаған Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ төрайымы – Хамида Турдыева ата-бабамызды бауырына басып, барын алдына тосқан қазақ халқына алғашқы алғысты айту керектігін жеткізді. Бұл тұста этнос жастарының пікірі мен көзқарасының дұрыстығын алға тартып, айтулы мерекенің өскелең ұрпақ үшін тарихи мән мен мағынаға толы екенін айтты.

Жиын одан әрі жастар мен ғалымдардың арасындағы пікір алмасуға ұласты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі