Үстіміздегі жылдың 17 мамырында Тараз қаласының Достық үйінде “Береке көзі – бірлікте” дүнген қауымдастығының кездесуі өтті
Іс-шараның негізгі мақсаты – “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігін құру болды, оның құрамына 9 өңірдің, атап айтқанда Нұр-сұлтан, Алматы қалалары және Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының өңірлік этномәдени бірлестіктері кірді. Дүнген аймақтық этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен басқа, конференция жұмысына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, Qazaqstan dauiri ЖШС Бас директоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов, құрметті ақсақал және белсенді Лоу И. Ю. қатысты., ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Ш. Х. Хахазов, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ілияс Буларов қатысушылардың назарын болып жатқан елеулі оқиғаның маңыздылығына аударды. Құттықтау сөзінде Рүстем Дәулет: “Бүгін сіздердің біріккен іс-шараларыңыздың мәні маңызды боп отыр. Өйткені, ол Негізгі заңымызға – біздің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум алдында өтуде”. Бұған қоса, Ілияс Буларов та өз сөзінде: “Мұндай республикалық бірлестіктің құрылуы этносаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтереді. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламаларын, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін жемісті жұмыс істейтінімізге күмәнім жоқ“, – деп атап өтті.
Қазіргі уақытта “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” РҚБ еліміздің 9 өңіріндегі дүнген этномәдени бірлестіктерін біріктіретін жалғыз заңды бірлестік болып табылады. Іс-шарада өңірлік бірлестіктерді, мәдени орталықтарды республикалық заңды тұлғалар бірлестігіне біріктіру туралы меморандум бекітілді. Сондай-ақ, қатысушылар жаңадан құрылған бірлестіктің жарғысын қабылдады. Сонымен бірге, аталмыш этномәдени бірлестіктің қайта сайлауына Бақылау кеңесінің мүшелері, “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма мүшелері, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Имамдар кеңесі, Жастар орталығы да қатысып, үміткерлер таңдалды. “Дүнген республикалық этномәдени орталығы” РҚБ басқарма төрағасы болып Зайнуддин Махусеев бірауыздан сайланды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы