«Үлкен ел – Үлкен отбасы» Республикалық акциясы

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» Республикалық акциясының Жамбыл облысында  салтанатты алау алу рәсімі туралы

АҚПАРАТ

12.01_1

2016 жылдың 12 қаңтарында сағ. 11-00-де Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  мәжіліс залында (Тараз қ-сы, Төле би даңғылы №68) Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» Республикалық акциясының Жамбыл облысында   алау алу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

12.01_2

Іс- шараға Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының қызметкерлері және аймақтық ассамблеяның ғылыми –сараптамалық тобы, ЭМБ белсенділері мен басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, студент және жұмысшы жастары қатысты. Салтанатты рәсім Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғимараты алдындағы алаңда этномәдени бірлестік өкілдерінің ауа шарларына акцияның аты жазылған плакат жазуды іліп, аспанға ұшыру салтанатымен  басталды. Мәжіліс залында өткен форумды Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.Қожаева кіріспе сөзімен ашты. Ол өз сөзінде «Үлкен ел- Үлкен отбасы» жалпыреспубликалық жобаның ұсынушысы Ұлт көшбасшысы, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев болып табылатынын, жобаның мақсаты Қазақстандық біртектілікті нығайтуға, азаматтық қоғамды қалыптастыруға арналғанын атап өтті. Елімізде бейбітшіліктің нығайуы қоғамдағы тұрақтылықтың қалыптасуы, әрі қарай жетістікке жетуіміздің жолдары  5-институционалдық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысты екеніне тоқталды.

12.01_8

Сонымен қатар салтанатты іс-шарада  аймақтық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негізде орынбасары М.Тұрдыева, аймақтық ассамблеясының аналар Кеңесінің төрайымы М.Миражапова, облыс жастары атынан  аймақтық ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі, «Қайнар» колледжінің физика пәнінің мұғалімі, тәуелсіз Қазақстанның құрдасы  С.Магомадова  сөз сөйледі. Сөз сөйлегендер тек бірлік, бір үлкен отбасы аясында бірігуге шақырды. Іс-шараға қатысушыларға облыс  этномәдени бірлестік көркемөнерпаздар ұжымдарының патриоттық әндерімен билері ұсынылды.

Іс-шараға барлығы -350 аса адам қатысты.

12.01_6

12.01_5

12.01_9

12.01_4

12.01_10

12.01_7

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Баспасөз қызметі