Қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті
Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастыруымен аймақтық ассамблея жанынан құрылған қоғамдық келісім кеңесінің «Тұрғындардың сапалық өмір сүруін жақсартудағы қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі» тақырыбында облыс ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті.
Форумға Жамбыл облысы әкімдігі еңбекпен қамтыуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші –қону комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының, «Казпочта»АҚ Жамбыл филиалының басшылары, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші –қону комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының дәрігерлік-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысының прокурорының бірінші орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Гуд Жем» ЖШС менеджері, ауыл, аудан, мекемелердегі ҚКК барлық деңгейдегі мүшелері қатысты.
Форум мақсаты – тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарының жергілікті атқарушы органдармен, өкілетті билікпен байланысын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен ұлттар бірлігін нығайту бойынша ұсынымдар әзірлеу және талқылау, қоғамдық маңызды бастамалар, жобалар мен ұсыныстарды қолдау және ынталандыру, келеңсіз үрдістердің алдын алу мен ескертуге қатысу, алауыздық пен егестерді реттеудің практикалық шараларын жүзеге асыру, жан-жалды жағдайға жеткізбеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын тоқтату болып табылады.
Кеңес форумы Облыс қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы жайлы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндіріс орны және Талас, Сарысу, Жуалы, Байзақ, Мойынқұм, Жамбыл, Т.Рысқұлов ауданыдарының қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмыстарына қатысты ақпараттар мен көрнекіліктері қойылып, өзара сынға түсті. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы аудандардың артық кем тұстарын айтып, түрлі тапсырмалар берді. Мәселен Талас ауданындағы Қасқабұлақ ауылында тек күрді халқы ғана мекен етеді. Оларға арнап салынған мектептің ішінен қазақ сыныбын ашу әлі күнге қолға алынбаған. Маржан Төреғұлқызы осы мәселені таластықтарға шегелеп тапсырды. Ал, Жамбыл ауданында атқарылған ауықымды істер мен жүзеге асырылып жатқан шаруаның қарасы қалың екен. Шайқорық ауылына қарасты Қоңыртөбе елді мекенінде жастардың есірткіге әуестігін тию мақсатында Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері ауыл тұрғындарына арнап салып жатқан мешітке қолдау танытып жатыр. Сондай-ақ, ауылдағы арақ мәселесімен арпалысуда айтарлықтай жүзеге асып жатқан көрінеді. «Биылғы жылы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округындағы дүкен сөрелерінен талайдың тағдырына кесірі тиген арақ атаулының төбесі көрінбейтін болады.», – дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Қазақстан халқы ассамблеясына жауапты маманы Әбдірахман Мадияр Мұхтарұлы.Бұдан өзге аудандар мен мамандарға арнайы тапсырмалар мен міндеттер жүктелді. Өз аудандары туралы жақсы жаңалықтары мен игі істері туралы толыққанды таныстырған мамандарға дәрежелі орындармен сый-сияпаттар табыс етілді. Атқарған жұмысы мен айрықша нәтежиелерінің арқасында Жамбыл ауданы жүлделі бірінші орыннан көрінді.
Көрме көрсетілімінен кейін форум басталды. Жиын тізгіні облыс ҚХА қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары – Тажибаев Бигелді Халилуллаұлында болды.
Мінбеге алғаш болып шыққан Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Сырлыбаев Бахыт Уалиұлы бастады. ҚХА әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, қайырымдылық, азаматтарды қабылдау, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуде Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңесінің іс-тәжірибесі туралы баяндаған Бахыт Уалиұлы аудандағы кеңестің кең көлемде атқарған істері туралы есебіменде таныстырды. Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңеснің төрағасының айтуы бойынша аталған ауданда биылғы жылы тоқсанына бір рет кеңестің отырысы өткізіліп, аудан халықтарының әлеуметтік мәселелерін шешуде кеңес мүшелері белсенділік танытқан. Кеңес жұмысы барысында 17 ауылдық округ бойынша кеңес мүшелеріне 110-ға жуық ұсыныс түсіп, оның 80-ге жуығы қанағаттандырылған. Сонымен қатар, биылғы жылы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға барлығы 40 млн. теңге көлемінде қайырымдылық шараларын жасаған. Сонымен қатар, ауданда 11 медиатор жұмыс істеп жыл бойында 80 жуық мәселенің 60-ның шешімін тапқан.
Сонымен қатар, жиын барысында облыс қоғамдық келісім кеңестерінің ҚХА «Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру, «Жамбыл облысы Азаматтық альянс» заңды тұлғалар қоғамының президенті, облыстық «Кедергіге жол жоқ» мониторинг тобының жетекшісі – Юлдашев Заитжан Рахимұлы сөз сөйледі. «Мен осы іс-шара мүгедектер мен олардың отбасыларының проблемаларына, олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен амандылығын қорғауға назар аударатынына, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен олардың проблемаларының өзгеруі үшін негіз болатындығына шын жүректен сенемін. Қазіргі заманғы қоғам арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың интеграциясы мен әлеуметтік бейімделуі саласында да тез арада шешуді талап ететін ең өткір мәселелер бар.2019 жылдың сәуір айындағы ақпарат бойынша біздің облыста 45098 адам мүгедектер тұрады, оның ішінде 1-ші топтағы мүгедектер – 4125 адам, 2-ші топтағы мүгедектер – 18586 адам, 3-ші топтағы мүгедектер – 16171 адам, 18 жасқа дейінгі балалар -6196» – дейді,Заитжан Рахимұлы.
Кеңес отырысы барысында Тараз қаласындағы «Гуд Жем» ЖШС өндіріске прогрессивтік технологияны енгізудегі жұмыстары туралы “GOOD LOOK Сауда үйі» ЖШС дайын өнімдерді сату менеджері- Усенбаев Мухамед Еділбайұлы және ауылдарды дамытуда ҚХА «Жаңғырған ауыл» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік секторға жаңа технологияны енгізудегі жұмыстары туралы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы, кәсіпкер – Махусеев Зайнуддин Абдулбахтиярұлы өз баяндамаларын жасады.
Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің форумының соңы концерттік бағдарламамен және жыл бойы белсенді жұмыс істеген кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыс етумен тәмамдалды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы