Қалай десек те ажал айтып келмейді
Қалай десек те ажал айтып келмейді. Әлеуметтік желі болсын, басқа сайттарда болсын бұл оқиға турасында жазуда журналистер мен блогерлер алдарына жан салып жатқан жоқ. Қаралы хабарды естіген жұрттың жұбатуы мен көңіл айту жазбаларының қарасы да қалың. Қайткенде де қуаныш пен қайғыны тең бөлетін бауырмалдығымыз тағы бар. Бұл жағдай бүгінгі қазақ қоғамының ең ауыр қасіреті болды. Естігенде қайғының ауырлығы қабырғаны қайыстырды. Әттең, әлі де көрер жарықтары көп болғанда ертең ел игілігіне жарар азаматтар болар еді-ау, бүгінгі жоқтап отырған халықтың жоғын бүтіндейтін отансүйгіш арулар болар ма еді, бес қыз бес үйдің шырағын жағатын аяулы аналар болар ма еді?! Бәрінен бұрын бұл қасірет ата-ананың жүректерін талқан еткені белгілі. Әрине, бір күнде жүрегін жарып шыққан бес бірдей бүлдіршіннен айырылу деген өте ауыр азап, ауыр қайғы.
Осыған орай, бақилық болған балалардың ата-аналарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, сабыр тілейміз.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі