Көп балалы анаға пәтер сыйлады

Таразда тағы бір игілікті істің тұсауы кесілді. Тараз қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі,  жергілікті меценат ағамыздың арқасында Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты анаМырзахметова Гүлмира Асылқызынабаспана тарту етілді. Шаңырақ иесін құттықтай барған Жамбыл облыстық әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы да ассамблея тарапынан атқарылатын бірнеше бағыттың бірі қайырымдылық екендігін ескере отырып,  игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен Тараз қаласының жомартазаматыныңсыйлаған үйіне  ұлттық дәстүрмен шашу шашып бес балалы ананың қуанышына ортақтасты. Қыс ішінде далада қалдырмай отау тарту еткен азаматқа ГүлмираАсылқызы да өз жүрекжарды рахметін айтып, игі тілегін білдірді: «Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне Аллаға шүкір, баспаналы болдық, бұл күнге де жеттік. Барша тілектес болған жандарға және ең бастысы –күннің суығында басымызға жылы баспана сыйлаған ағамызға:  Алла-тағала разы болсын, денсаулығы мықты, өмір-жасы ұзақ боп, бала-шағасының қызығын көрсін!» демекпін.

Тараз қаласының Достық үйі басшысы, Жамбыл облыстық әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  жетекшісі Рано Махсұдқызы да бұл кәсіпкердің өз ұжымындағы жұмысшысына үй тарту етуі  елеулі оқиға екендігін атап өтті: «Мұндай ауқымды істің жүзеге асуына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жете сезініп, үнемі халыққа қажетті қамқорлығын  жасап жүретін бұл азаматтың қайырымдылықты жоғары бағалайтындығын аты-жөнін атамауды, ұлағатты ісін еш жерде жарияламауды өтінгенінен-ақ байқауға болады.  Іскерлік қырымен танылып жүрген кәсіпкердің  қиналып жүрген бір отбасына қолайлы баспана алып беру бастамасы өте құптарлық, өзгелерге үлгі боларлық іс». «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Николайқызы да осынау игі істің көпке үлгі, ал қамқорлық адамзатқа ортақ қасиет екенін атап, пәтерлі болып жатқан Гүлмира Асылқызы құттықтай келе, үй сыйлаған меценатқа жылы лебізін білдірді. «Жақсының жақсысын айт, нұры тасысын!» демекші, елімізде бизнес қанат жая бастаған кезден-ақкәсіпкерлік жолын алғаш қолданысқа енгізіп, өз ісіне тыңғылықтығынан талай жақсы дәрежеге жетіп,  Жамбыл облысы мен қала тұрғындарының шапағатына бөленген жан болатын бұл азамат. Сонымен қатар,баспанаға мұқтаж жандарға пәтер сыйлаудан да бірінші болып өзін көрсете білді. Оның отандық бизнестің ілгері басуы жолында үлгі ететін көптеген істерін де көріп жүрміз. Ал бүгін міне, өз қаражатына тұрғын үй алып беріп, тағы да бір жанашырлық ісімен бізді тәнті етіп отыр. Сондықтан да біз  осындай  кең пейілді азаматты мақтан тұтамыз».

Расында да бірінші кезекте тәуекелділік қасиетін танытатын осындай баспана сыйлауға батыл кіріскен және де есімі мен ісін атамауды қалаған кеңпейіл жан ілуде біреу шығар?!

Көп жылдар бойы жалданбалыәр үйлердің тар бөлмесінде тұрып келген бес балалы Гүлмираға,баспана жайы талай жылдан бергі басты мәселесіне айналып,қиналған ана үшін дәл осы тәулік «ақ түйенің қарны жарылған күн» болды.

Қуанышқа ортақтасып келген Жамбыл өңірінің ассамблея және Аналар кеңесінің мүшелері де  ақ батасын беріп, тілектес боп, үй сыйлаған  жергілікті меценатқа ризашылықтарын білдірді.

Шаңырақ иесінің отбасында құран оқылып,   дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.

КММ «Қоғамдық келісім»

баспасөз қызметі