Көмек қолын созған жандар

1 мамыр – Қазақстан  Халқының Бірлігі күні қарсаңында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің меценаттары қайырымдылық акциясын өткізді.      Тараз қаласының 30 әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Жинаққа ұн, макарон, өсімдік майы, шай, кондитерлік өнімдер, жемістер кіреді. Азық-түлік себетін “Вайнах “Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы” ҚБ,  Жамбыл облысының “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігі, Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі, “Қарашай және балқар – Бірлік” республикалық қоғамдық бірлестігінің “Архыз” Жамбыл филиалы, облыстық және қалалық Өзбек этномәдени бірлестіктері, ҚХА меценаттары ұйымдастырды. Бұл игі істер осымен аяқталмайды, ҚХА атынан мұқтаж жандарға көмек одан әрі де жалғаспақ.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы