Көлбастау, Талапты ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың қараша айының 23 күні Жуалы ауданы Көлбастау, Талапты ауылдарының тұрғындарымен Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан 32 елді мекен этнокартасы негізінде кездесу өтті.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Жуалы аудандық   «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедовамен ауыл ақсақалдары, ардагерлер, билер кеңесінің төрағалары, көп балалы батыр аналар, этнос өкілдерінің басшылары мен белсенділері, қандастар, жастар ресурстық орталығының өкілдері кездесті.

Кездесудің басты мақсаты облыс аймағындағы  этнос өкілдері тығыз орналасқан  этнокарта негізінде этносаралық жай-күйді зерделеу болатын.

Мақсатқа сәйкес жиын барысында саяси реформалардың, Жаңа Қазақстаннның идеялары мен құндылықтарының маңызы, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісім түсіндіріліп, округ тұрғындарының түйіткілді мәселелері тыңдалды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында  «Қоғамдық келісім» КММ ҒСТ бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен жастар ісі бойынша маман Рахат Ерханұлы ауыл жастарын жинап тимбилдинг өткізді. Онда округ жастарына қазақстандық қоғамдық келісім негіздерін, патриотизм, бірлік пен бірегейлікті  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынның өзекті тұсының бірі округтегі этнос өкілдері арасындағы жағдайларды зерттеу шеңберінде көп балалы аналармен «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Аққу Қаратаеваның сырлы сұқбаты еді. Батыр аналармен болған өзекті әңгіме барысында этностар жинақы тұратын елдімекендердегі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес беріліп, аналар тәрбиесі турасында әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұдан өзге ерте некеге тұру, ерте жүктілік, қыз балаларды әуелі білім алуға насихаттау және т.б бірқатар мәселелердің ара жігі ажыратылды. Арасында кейбір аналардың шешімі қиын проблемалары бойынша жеке қабылдау өткізіліп, кеңес берілді.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы