КҮЗГІ МЕРЕКЕ — «ЧХУСОК»

2023 жылдың 30 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында «Коре» Жамбыл облысы Кәрістер қауымдастығы өздерінің ұлттық мерекелерінің бірі — «Чхусок» дәстүрін атап өтті.

Аталмыш дәстүрді атап өту мақсаты — егін жинау, Жаратушы мен табиғатқа алғыс айту және ата-бабаларын еске алу құрметіне, сондай-ақ, мемлекеттік мейрам — Республика күніне арнап мерекелік концерт ұсыну еді.

Аталған Кәрістер қауымдастығының төрағасы Лаврентий Кан, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы орынбасары Сәуле Құрманқұлова, «Радонеж» Орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин сөз сөйледі. Қатысушыларды қауымдастықтың өкілдері – Илья Хэ, Флора Ким, Надежда Хан, Лена Кан құттықтады.

Іс-шара барысында жұртшылық «Чхусок» салт-дәстүрінің қызықты тарихымен танысты. Бұған қоса, көрермен қауымға танымдық бейнероликтер көрсетілді.

Мерекелік шара әдемі этномузыка сүйемелдеген шығармашылық қойылымдарға ұласты.

Сондай-ақ, Корей мәдениетінің салт-дәстүрі мен музыкасын, халық билері мен әндерін паш ететін көңілді концерттік бағдарлама да көрермен жүрегіне жол тартты.

Шара соңы естелік-фотосессиямен аяқталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі