ЭТНОСАРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

2023 жылдың 9 қаңтарында «ҮЕҰ және ҚХА:қазақстандықтар үшін өзара іс қимылдың пайдалы тәжірибесі» жобасы аясында ҮЕҰ және ҚХА құрылымдарының өкілдеріне арналған пікірсайыс турнирі өтті.

Пікірсайыстың мақсаты – этносаралық келісімді нығайту және мемлекеттік тілді ілгерілету, Қазақстан халқының бірлігін сақтау үшін азаматтық қоғам институттары (ҮЕҰ) мен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өзара іс-қимылын дамыту.

Пікірсайыс ұйымдастырушылары – «ТРИНТА» ЖҚ және аймақтағы серіктес ұйымдар.

Британдық парламенттік формат бойынша өткен пікірталас екі ойыннан тұрды. Үкімет және оппозиция ретінде құралған бұл палата қазақстандық құндылықтарды , мемлекеттік тіліміздің маңызы туралы

айтылды.

Нәтижесінде ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаздар анықталды.

Атап айтқанда, «Үздік спикер» номинациясымен Вадим Белозеров, Салтанат Қадырова, Русалина Ибрагимова, Мархаббат Көпбосынова марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар, пікірсайыста жеңіске жеткені үшін «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Жобаларды қолдау және ҚХА құрылымдарымен жұмыс» бөлімінің сарапшы маманы Әсем Жолдасова және ғылыми-сараптамалық тобының жетекші сарапшысы Рианна Жалпанова дипломдармен және ҮЕҰ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі