Этносаралық қақтығыстарды  реттеу кезіндегі медиативті тәсілдер оқыту семинар-тренингі өтті

Бүгін  Жамбыл облысы әкімідігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде этносаралық қақтығыстарды реттеу кезіндегі медиативті тәсілдерді оқыту семинар-тренингі басталды.

Семинар-тренингті «Парасат» медиация және құқық орталығы» ЖМ кәсіби медиаторы, тренер-сарапшы Мұхтар Адаев  және осы орталықтың тренер-сарапшысы, кәсіби медиатор, конфликтолог Бахыт Амангельды облысымыздың қала мен аудандарынан келген тыңдаушыларға аталған тақырып аясында толыққанды ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жеткізді.

Семинардың алғашқы күні этносаралық қақтығыстардың дамуының негізгі кезеңдері, әлеуметтік-тұрмыстық жанжалдардың этносаралық  қақтығыстардан айырмашылығы, ұрыстың шиеленісуіне ықпал ететін факторларды сондай-ақ,  оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі сынды т.б  дәрістер оқылды.  Қатысушылар көтерілген мәселелер мен ұсыныстары, ой пікірлері жан-жақты талдап, сараптап өзара пікір алмасты.

Дәстүрлі  семинар-тренинг үш күнге жоспарланған.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі