Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған облыстық «Этномәдени бірлестіктер арасындағы Қазақстан халқы ойындарының облыстық спартакиадасының ақпараты

Ағымдағы жылдың маусымында «Тараз –Арена» спорт сарайында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының  туған күніне арналғаноблыстық Этномәдени бірлестіктер арасындағы «Қазақстан халықтары ойындарының» облыстық спартакиядасы өтті.

Қазақстан халқы ойындарының басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдану, облыстағы этномәдени бірлестіктердің арасында достық, туыстық қарым-қатынасты арттыру. Сондай-ақ, барлық  этномәдени бірлестіктерді жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу.

Ұлттар достығын насихаттап, ынтымақтастықты нығайтуды көздеген спартакиядаға спорттың 4 түрінен 7 команда қатысты. Олар, «Днипро»  украин этномәдени бірлестігі, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігі, «Қарашай – балқарлар» қоғамдық бірлестігі,  Жамбыл ауданы,  және  «Неміс»қоғамдық бірлестігі, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігі мен «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінен» келген командалар.

Спортшылармен жанкүйерлер тегіс жиылғаннан кейін спартакияданың шымылдығын «Үкілім-ай» би тобы «Қазақ» биімен түрді.Бәсеке басталмастан бұрын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы және де Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық бірлестігі» КММ-нің басшысы Убайдуллаева Рано Максудовна  барлық қатысушыларға сәттілік тілеп спартакияданы ашық деп жариялаған соң, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Этнос өкілдері бірінші «Арқан тарту» ойыны бойынша бәсекелесті. Атаған сайыс бойынша бірінші орын ұйғыр этос, екінші орынды Меркі ауданы, кезекті үшінші орынды өзбек этносы иеленді. «Дойбы» ойыны бойынша бірінші орынды қарашай-балқарлар этносы, екінші орынды Меркі ауданы, үшінші орынды украин этносы қажығалады. «Үстел теннисі» ойынынан бірінші орын украйн этносына, екінші орын неміс этносына, үшінші орын ұйғыр этносына бұйырды. Ал, балалар арасында өткен эстафеталық ойындардан меркілік бүлдіршіндер бірінші орынды, украйндық бүлдіршіндер екінші орынды, ұйғыр этносының бүлдіршіндері үшінші орынды иеленді.

Спартакияданың жалпы командалық есебі бойынша бірінші орынды иеленген«Днипро»  украин этномәдени бірлестігі  командасы, ал екінші орынды Меркіден келген команда иеленсе, үшінші орынды «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі олжалады. Жеңімпаз командаларға дәрежелі дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Спартакиада соңы «Болашақ» вокалдық триосы «Мен, сен бәріміз» орындап, естелік суреттерге түсумен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі