Достықта жоқ шекара!

Ел ертеңі жастар! Бүгінгі ұрпақ бүгінгі аға толқыннан қандай іс-әрекет көреді, соны өз дәуірінде жалғастыртын болады. Демек елдің болашағы мен кемел келешегі жастардың қолында. Олар ертең де осы бейбіт өмір мен тарих сахнасындағы Қазақстанның гүлденген ғасырларын жалғастыра алуы керек. Олар жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті, халықтар достығын, ұлыстар ынтымағының қаймағын бұзбай сақтауы қажет. Ал, біздің әр ісіміз оларға үлгі аларлық, өнегеге толы болуы шарт.

Міне осыған орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы өңірлік Достық үйінде «Достықта жоқ шекара» тақырыбындағы халықаралық жастар мәдени жобасын ұйымдастырды.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 93, 94, 97 тармақтары бойынша жүзеге асқан жоба қараша айының 15-16 күндері аралығында екі күн бойы өтті.

Шараға Қырғызстан Республикасының және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастары, сарапшы-жаттықтырушылар, лекторлар қатысты.

Жобаның негізігі мақсаты жас ұрпақты жалпыұлттық бірлік пен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үндеу, патриотизмге тәрбиелеу, мәдениетаралық шығармашылық диалогты дамытудың жаңа формаларына бастамашылық ету болып табылады.

15 қараша күні жоба шымылдығы салтанатты түрде түрілгеннен кейін жастар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты – Керимбаева Рысты Калдыханқызы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Педогогика және психология» кафедрасының оқытушысы – Байбосынова Раушан Темиргалиевнаның «Менің құндылықтарым» атты семинар-тренингіне қатысты. Сондай-ақ, тренинг барысында жастар асықтан жасалған түрлі бұйымдардан көрмеде тамашалады.

Семинар бітісімен Алатаудың арғы бөктерінен келген айыр қалпақты ағайынның жастары Тараз қаласының көркем әрі көне жерлерін аралап саяхат  жасады. Дәл осы уақытты «Қазақтану» жобасы бойынша  Достық үйі ауласында аймақтық ассамблеяның белсенді жастары киіз үй тұрғызып оның әрбір элементтерімен танысты.

Екі күнге созылған жастар мәдени жобасының екінші күні «Жастардың иннавациялық әлеуеті» атты көрме тамашалаумен басталды. Көрмеде жастар түрлі қылқалам шеберлерінің ереше, асқан шеберлікпен салынған  картиналарымен танысты.

Көрме тамашалау аяқталғаннан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Маратқызы мен Замана Назимқызы «ҚХА жас елшілері» конференциясын өткізді. Конференцияға арқау болған тақырып «Селфбрендинг» болды. Конференция барысында бүгінгі күннің басты брендтері мен блоггерлері және интернет желісіндегі танымалдық туралы кеңінен ой қозғалып ортаға салынды. Конференция барысында облысымызға белгілі блоггер Исламбек Дастан бүгінгі күннің бренді туралы өз ойымен бөлісіті. Белгілі блоггер бүгінде менің посттарымның халыққа тез таралуының себебі қате жазуымда. Қандай ой айтсамда постта қатені өте көп жіберемін.Бұл оқырманның көңілін аудартып әрі жарияланымның рейтингін көтереді дейді. Аталмыш тақырып аясында облыстық «Ақ желкен» және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді жастары Махусеев Зайнуддин,  Лигостаев Артур, Турдыева Хамида, Мухтасимова Алина, Прияхина Русалина және Қырғыз елінен келген қонақтар жастар арасындағы бренд түсінігінің мағынасы мен ондағы ерекшеліктер туралы атап көрсетті. Конференция соңында сөз алған облыстық ассамблеяның төраға орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Төреғұлқызы селфбрендинг тақырыбының мағынасы ашып көрсетіп, жастардың бойынан байқаған күш-жігері және ерекше форматта өткен конференция туралы ойымен бөлісті. Хатшылық меңгерушісі достықты ту еткен іс-шараның ұлттар арасындағы қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін баса айтты.

Конференция аяқталысымен жастар «Жамбыл облысы этномәдени бірлестік өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдекниеті» жобасы аясында  «Этномириада» атты тимбилдинг өткізді. Жастар арсындағы бұл сайыс жастардың да қазылар алқасы құрамы мен көрермендерге де ерекеше көңіл күй сыйлады. Тартысты өткен тимбилдинг соңы  аталған жоба аясында және «Қазақтану» жобасы негізінде «Қазақ қонақжайлығының ерекшеліктері» тақырыбына сай қонақтар мен өңірлік жастарға қазақ халқының ұлттық тағамдары жент, мәйсөк, құрт, бауырсақ және ішінде кәмпиттер толтырылған қоржындар таратылды.

Жоба ары қарай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің «Шекара дос жүрегін бөлмейді» атты концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концертте елімізге белгілі Оңал Азаматова, Сұлужан Әбеновалар қырғыз тілінде ән салып қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйласа, Әлішер Боранбаев және Ақбота Қосақбаева, «Болашақ» вокалдық триосының әншілері таланттарымен тамсандырды. Сондай-ақ, облыс ассамблеясының «Инфинити» және  «Үкілім-ай» би топтары әр ұлттың билерін биледі. Кеш соңы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызының қонақтар мен белсенді жастарға сый-сияпат тарту етуімен тәмамдалды.

Екі күнге созылған іс-шара соңында Тараздықтардан тәбәрік сый ретінде қазақ халқының брендіне айналған «Қазақстан» шоколады таратылып, қолөнер бұйымдары тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі