Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі өкілдерінің Тәжікстан консулымен кездесуі өтті

Бүгін 1 қазан күні Тараз қаласының Достық үйінде Тәжік этномәдени бірлестігі мүшелерінің Тәжікстан консулы Баходур Казрилмен кездесуі өтті. Жиынға Аналар кеңесі және ақсақалдар кеңесі қатысты.

Тәжікстан консулы Б.Казрил өз сөзінде Қазақстан және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы ілгерілікті атап өтіп, ҚХА қызметкерлері мен тәжік ЭМБ мүшелеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында әлеуметтік-тұрмыстық және заңды сипаттағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, азаматтық алу, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы және соның салдарынан тұрмыстық жағдайда көптеген мәселелердің туындауы қозғалды.

Жиналыс соңында консул Баходур Казрил алғыс ретінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызына естелік-сыйлық табыс етті.