Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмысы қайта жанданды

Үстіміздегі жылдың 26-қыркүйегінен бастап «Қоғамдық келісім» КММ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» хореография секциясы жұмысын қайта жандандырды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Достық үйінде 2019 жылы ашылған. Оның түрлі қызықты бөлімдерінде  80-ге жуық қарт адамдар жұмыс істеді. Өкінішке орай, пандемияға байланысты 2020 жылы сабақтар тоқтатылған болатын. 2021 жылы сәндік өнер секциясында және тілдерді оқыту бөлімінде сабақтар қайта басталып, Галина Чибитко атындағы әдеби клуб өз жұмысын тиянақты жүргізуді қолға алды.

Ал, бүгін ағымдағы жылдың 26-қыркүйегінде хореография бөлімі де өз жұмысын қайта бастады. Енді би дәрістері апта сайын және тұрақты өтетін болады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының белсендісі Людмила Чекалинаның құттықтау сөзінен кейін хореограф Гүлнұр Сағынтаева би сабағын бастап кетті. Осыған қатысты биге құштар барлық салауатты өмір салтын ұстанатын қарттарды Достық үйінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өкілдерінің қатарын толықтыруға шақырамыз.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы