ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылдың 2 ақпанында Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация кабинетінде Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті.

Мақсаты: өңіріміздегі медиация институтын дамыту және жандандыру перспективаларын талқылау.

Әңгіме ​ барысында медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жиналғандарды атқарылған жұмыстардың нәтижесімен таныстырды.

«Есептік кезеңде медиация кабинеттеріне 1114 адам жүгінді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1063 өтініш) 4,57%-ға артық. Пайыздық тұрақтылық дауларды медиация арқылы шешудің оң динамикасын және азаматтардың хабардар болуын айтады. Шешілген жанжалдар мен даулар (659) өткен жылмен салыстырғанда (775) жалпы саннан 17,6%-ға азайды. Көрсеткіштерді төмендетуде, соттарда татуластыру рәсімдерінің белсенді қолданылуында, дауларды бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін татуластырушы-судьялардың да бар екендігі маңызды рөл атқарады.

Облыстың барлық аудандарында билер кеңестері мен Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс істеуде. Олардың құрамында ақсақалдар мен құрметті тұрғындар ғана емес, ҚХА медиаторлары да бар. Медиаторларға қосыла отырып, олар халық арасында дауды сотқа дейін бейбіт жолмен шешудің мүмкіндіктері мен оң аспектілерін белсенді түрде насихаттауда.

Бүгін біз барлығымыз ынтымақтасуға және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Медиация институтын ілгерілету жұмыстары биыл да жалғасын табады!», – деді ол.

Жамбыл облысы бойынша медиаторлар кеңесінің төрайымы Рина Федорова тұрғындардың мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсету үшін жаппай баратын орындарда қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырудың өзектілігіне тоқталды:

Қоғамдық қабылдау – халықпен жұмыстың жаңа түрі. Қолжетімді сарапшылар кеңесі азаматтарға көкейтесті сұрақтарына білікті жауап алуға көмектеседі. Ағымдағы жылы тұрғындарға 10 қабылдау өткізіліп, 330 адам қамтылды. Халықтың әлжуаз топтарын қолдауға арналған қоғамдық қабылдаудың жұмысын атап өткен жөн. ҚХА медиаторлары – Гүлсара Тухтамышева, Рауф және Тамара Сәбитов балалар үйінің түлектерінің отбасыларына, көп балалы және толық емес отбасыларына, мигранттарға құқықтық көмек көрсетеді.

Байзақ аудандық ҚХА медиаторы Ғайни Көшекбаева білім беру ұйымдарында медиацияның маңыздылығын атап өтті. Жанжалдарды азайту мақсатында консультативтік-әдістемелік кездесулер өткізіліп, «Мектеп медиациясының» кабинеттері мен бұрыштары ашылады.

«Ағымдағы жылы «Үздік мектеп медиаторы» облыстық байқауы өтті. Оған ҚХА медиаторлары конкурс комиссиясының құрамы енді. Қатысушылардың медиация саласындағы білімдері мен тамаша өнерлерін атап өткім келеді, бұл мектептерде жанжал жағдайлары азаяды деп сенеміз!», – деп бөлісті ол.

Кездесуге қатысушылар өңірдегі медиацияның дамуына кедергі келтіретін проблемалар мен мәселелерді де талқылады. Іс-шараның нәтижесінде медиация институтының қызметін нығайту және жандандыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы