«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік хакатон өтті

Ағымдағы жылдың қазан айында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты әлеуметік хакатондар өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен өткен іс шара төмендегідей бағыттар қамтылды. Олар: «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Білімнің салтанат құруы»(«Ұлы даланың жеті қыры»).

Хакатонның негізгі мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Бес әлеуметтік бастамасын ілгерілетуге бағытталған ағартушылық жобаны іске асыру, идеялармен алмасып, оларды одан әрі сүйемелдеу үшін  IT-мамандар мен қатысушыларға коммуникациялық алаң құру, Хакатон бағыттарының тақырыптарын танымал ету, сондай-ақ, дарынды жастар, студенттер, жас мамандар үшін диалогтық, жұмыс алаңын құру және өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.

Шараға этномәдени бірлестіктердің жастары, ЖОО мен колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, студенттер, білім беру мектептерінің оқушылары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар қатысты.

Хакатон екі кезеңге бөлініп өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 командаға бөлініп, берілген бағыттар шеңберінде алдын ала дайындалған өз идеялары мен жұмыстарын таныстырды. Сайысқа барлығы 30 команда жұмылдырылды.Қатысушыларының жалпы саны-262 адамды құрайды.Бәсекеде «Прагматизм» бағыты бойынша М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің FORWARD командасы ерекше көзге түсті. Жас ғалымдар экологиялық таза және ыдрағыш «QORJYN» эко-сөмкежобасын ұсынды.

«Бәсекеге қабілеттілік»бағыты бойынша «Жас STAR» командасы, «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК қатысушылары тауарлар мен қызметтер биржасы туралы «10der» сайтын таныстырды. Еріктілік және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету туралы «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» бағытында Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің «Сұңқар» және «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК «Оазизис» командалары жобаларын сайттары түрінде айтып, ұсынды.

Хакатонда «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша Жамбыл  атындағы мектеп-гимназиясының командасы «IT-NEWS» электрондық оқулықтарын ұсынды. Сондай-ақ, осы бағытта 24  гимназиясының  «Тарихи квест» қосымшасы бар «24 bit» командасы және № 41 мектеп-гимназиясының «Астронет» командасы көзге түсті. Бұл хакатонда «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың Жеті қыры») бағыты бойынша А. Гайдар атындағы 35 орта мектептің мұғалімдері   педагогтарға арналған «Менің портфолио кз» сайтын ұсынды.

Жамбыл политехникалық колледжі МКҚК оқытушылары, «Тәуелсіз елдің-талантты ұстаздары» командасы «SmartCard» жобасын ұсынды. Хакатонда «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»)бағытына сәйкес «Эверест тайм» командасы «Тректік туристік жорықтар және экспедициялар» жобасымен ерекшеленді.Қатысушылардың жұмыстарын комиссия төрағасы, ғылыми және технологияларды коммерцияландыру басқармасының басшысы – АхметжановМ.А. және комиссия мүшелері педагогика ғылымдарының магистрі – Тапаева А.М., доцент, PhD доктор, –  Молдамұратов Ж.Н., Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері – Метерова Г.К.,М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің кафедра меңгерушісі – Кабдушев А. А., гуманитарлық ғылымдар магистрі- Исмаилов З.бағалады.

Хакатонның екінші кезеңде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Метерова Гүлмира тренинг өткізді. Қатысушылар командалық жұмыста өз дағдыларын көрсетіп, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.

Сайыс аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау рәсімін жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы УбайдуллаеваР. М. өткізді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратның

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі орталығы