Біз достықпен мықтымыз!

Тараз қаласының Достық үйінде “Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері мен мәдениеті” жобасы аясында “Біз достықпен мықтымыз!” атты этномәдени бірлестіктердің фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты облыстың этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлері мен мәдениетін сақтау және дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, “Рухани жаңғыру”бағдарламасын жүзеге асыру және насихаттау болып табылады.

Шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен жастары қатысты.

Этнофестиваль театрландырылған қойылым түрінде өтті,онда баланың туған кезінен бастап ересек жасқа дейінгі өмірі көрсетілді. Әр түрлі этностар өз дәстүрлерін өмірлерінде маңызды орын алатын сәттерін салт-дәстүр түрінде көрсетті. Сахнаға алғашқылардың бірі болып  «Әулие-ата» қазақ мәдени бірлестігінің өкілдері бала дүниеге келгенде  қазақы салт-дәстүрмен «Сүйінші сұрау» атты жоралғыны театрланған көрініспен қойды.

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді. Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Қазақ мәдени бірлестігі көрерменге тек «Сүйінші сұрау» салтымен ғана шектелмей бесікке салу рәсімінде көрсетті. Ежелден дүниеге ұл бала келсе де, қыз бала келсе де қазақтар үлкендердің ақ батасын алып баланы бесікке бөлеп әлдилейтін  болған.  Бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.  Қазақ халқы  баласын ағаш бесікке салып асырайды. Қазақтар ертеде өшпелі халық болғасын ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы, иіп кептірілген талдан жасалған. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасайды, астына тақтай салып, дәрет жүретін жерін тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпеше жастықтар салады. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды.

Одан әрі Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы» қоғамдық  бірлестігі «Әженің ботқасы» атты дәстүрлерін ұсынды. Орыс халқында баланы шомылдыру рәсімін өткізінен кейін яғни шоқындыру рәсімінен соң үйге келген сәби мен қонақтарға әжесі ботқа жасап таратады. Сол сәтте балаға арнап тілек айтқан адамға ерекеше көп ботқа берілетін болады. Ботқаның құрамында денсаулыққа пайдалы дәмдеуіштер болады және ол ерекеше дәмге ие тағам түрлеріне жатады.

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі баланың алғашқы қадамдарын басқан сәтте тұсауын кесу рәсімін жасады.  Ақ матада бала ортасына дейін өтіп, монеталар салынған қапшықты қолына алады. Шақырылған қонақтар мен туыстар өз қалауы бойынша өз үлесін қосып, қапшыққа тиындар салады.

Өзбек этномәдени бірлестігі музыканттардың сүйемелдеуімен ұлттық әуендеріне билеп шықты. Әжелер, халық әнін шырқап, 6-10 жас аралығындағы немерелеріне шашу шашып, соңында әрбір әже немересінің басына тақиялы кигізіп, ұзақ өмір сүруді тілей отырып, батасын берді.

Одан әрі тәжік этномәдени бірлестігі 13 жастағы қыз әкесімен “Әдемі әрі бойжеткен қыз өсірген егін алқабын қалай өсті”-деп, әңгімелеседі.  Басқа қыздармен бірге хореографиялық композицияда бидай өрісі бейнеленген кілем тігіледі. Тәжік халқы үшін кілем құнды зат болып табылады. Тоқылған кілемнің  астында күйеу жігіт қалыңдығын ертіп үйіне алып барады.

Қыздың өміріндегі маңызды кезеңді әзірбайжан этномәдени бірлестігі ұсынған құдалық рәсімінен көруге болады.Күйеу жігіттің жағы қалыңдыққа сақина берді, ал ол өз кезегінде бұл сақинаны құрбыларына үлгі етеді. Өлшемі сәйкес келген қалыңдық сәтті үйленуге келісімін береді.

Үйлену той үрдісін көрерменге украин этномәдени бірлестігі көрсетті. Мұнда қатысушылар күйеу жігіт пен қалыңдыққа нан (тұз қосылған нан) тарту етеді. Содан кейін қалыңдықтың анасы қызының басына үш түрлі-түсті лента байлайды, олар анасының, әкесінің және туған жерінің батасын білдіреді.

Әйел өміріндегі керемет сәт-ол ана болуға дайын кезде. Кәріс этномәдени бірлестігі дәстүрлі тағамдардың әйел затының философиясымен байланыстырды.Мысалы, күрішті жақсы  көрсе, толғатып жатқан ана  ол дені сау бала туады, ал етті жақсы көрсе, жүктілік қуанышты болады, өткір кимчиды жеу оның жүктілігіндегі жеріктігі ең ауыр кезең, ал босануы жеңіл болады.

Қарашай-балқар этномәдени бірлестігі ұлын әскерге шығарып салу рәсімін көрсетті. Қарашай балқарларда әскерге кетіп бара жатқан ұл анасының табанының астынан топырақ алып, оны өзімен бірге ала кететін болған. Бұл оған сыртта жүргенде қорған болады деп есептеген. Міне, осы бір рәсім арқылы қарашай-бақар халқы ана деген құрметтің зор екендігін  тағы бір мәрте көрсетті,

Қойылым соңында түрлі этностардың аналары өз ана тілінде өлеңдер мен тілектер оқыды. Жер Ана символы ретінде шыққан ана айналаның бәрін біріктіріп, татулықтарын арттыруға шақырды.Фестиваль аяқталар тұста қатысушыларға ұлттық кәдесыйлар мен тәттілер таратылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Назерке Оңғар