Биылғы жылдың қараша айының 22-24 күндері аралығында Алматы қаласында ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласын насихаттау бойынша

Биылғы жылдың қараша айының 22-24 күндері аралығында Алматы қаласында ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласын насихаттау бойынша

ҚХА Журналистер клубының республикалық көшпелі отырысы өтті.

Клуб отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі

«Қоғамдық келісім» РММ басшыларымен жүзбе-жүз танысудан соң,

«Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Оразалы Төлегенұлы Сарсенов модератор ретінде әр өңірден келген БАҚ өкілдерінің ақпараттық жұмыстары туралы тыңдады.

Түрлі аймақтан жиналған журналистер өз өңірлерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, ой-ұсыныстарын ортаға салды.✅

Бұдан соң ауқымды шарада қатысушылармен танысуға және командалық рухты нығайтуға бағытталған тренингтер жайлы сөз болды.

Форумның 2-күні дөңгелек үстел форматында Алматы қаласының Достық үйі ғимаратында өтті. Бұл күні модераторлықты “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Әлия Сүйіндікқызы Сапарова қолға алып,  іс-шараны өз жетекшілігімен жүргізіп, отырыс қатысушыларын танымал  маңызды спикерлермен таныстырды.

Келелі мәселелер талқыланатын дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің, Президент аппаратының өкілдері — Мұхтар Төлегенұлы Құлжан мен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов өңірлік журналистерді толғандырып жүрген — баспа БАҚ-қа жазылу, журналистер мәртебесін көтеру, өзге этностарға мемлекеттік тілді меңгертуді қарқынды ілгерілету, еңбекақыны өсіру сынды келелі мәселелер аясында еркін форматта әңгіме өрбітті.

Бұдан соң, маңызды жүздесу республикаға белгілі журналист, медиа-менеджер —Руслан Ыдырысовтың жетекшілігімен өтетін «Тең Диалог: қатал қарсыластар қоғамында. Этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту» бағытындағы семинар-тренингке жалғасты

Аталған семинарда этносаралық келісім мәселелері бойынша резонанстық жағдайларды шешу үшін тиімді коммуникацияларға арналған алгоритмдер мен ережелердің пакеті, әмбебап өзін-өзі таныстыру және аудиторияда қажетті әсер қалдыра білу, елдің полиэтностығын ескере отырып, жаңа әлемдік ақпараттық және коммуникациялық тәртіпті дамыту тұрғысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар берілді. Өте қызықты өткен тапсырмалар легі келуші БАҚ өкілдерінің журналистік қабілеттерін одан ары шыңдауға көп пайдалы әсерін тигізді.

Сонымен қатар,  республикалық «DEUTSCHE ALLGEMEINE ZEITUNG» неміс газетінің бас редакторы — Олеся Клименко республикалық «DAZ» неміс газетінің мысалы негізінде этноБАҚ жұмысының тәжірибесі мен ерекшеліктері туралы тренинг өткізді. Тренингте жиналған өңірлік журналистер қауымына медиа контент Қазақстан этностарын интеграциялаудың заманауи құралы, медиа саласында мемлекеттік тілді дамыту,

этносаралық келісім мәселелері бойынша контентке аудиторияның қызығушылығын ояту және қолдау көрсету тақырыптарында дәрістер берілді.

Бұған қоса, халықаралық БАҚ-та өзіндік орны бар белгілі блогер, «Алға Петербург!» жобасының жүргізушісі — Иван Червинскийдің жаттықтыруымен«Қазақстан аудиториясы үшін контент құру» тақырыбында

әлеуметтік желілер үшін өзекті күн тәртібін қалыптастыру, мазмұнды жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесі мен негізгі алгоритмдері негізінде тәжірибесі бөлісілді.

Сондай-ақ, БАҚ-та өзіндік салмағы бар мобилограф, СММ маман — Ақылбек Жақсыбаевта «Instagram, Facebook, Tik-Tok алгоритмдерімен жұмыс. Мемлекеттік тіл және этносаралық келісім тақырыптары бойынша авторлық контент құру, оны дамыту» атты тақырыпта Tik-Tok редакторы немесе басқа қолданбалар, сүзгілерді пайдалану, музыка – трендті музыканы таңдау, авторлық немесе Tik-Tok кітапханасы, түйінді сөздер және бейнеге сипаттама беру, өз хэштегтерін жасау сияқты бірқатар журналистік шеберліктің үстемелері жөнінде дәріс берді.

Журналистер форумының 3-күні  алыс-жақыннан келген БАҚ өкілдері “Voice Power” агенттігінің жаттықтырушысы Әлия Текенованың ең құнды, заманауи

«Факт-чекинг ҚХА имиджін ақпараттық дамыту және қорғау құралы ретінде» және «Факт-чекинг ҚХА имиджін ақпараттық дамыту және қорғау құралы ретінде» тақырыптарынан тұратын екібөлімдік  тренингімен танысып-білісті.

Білікті тренер журналистерге нақ керекті этносаралық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша қоғамдық маңызы бар және резонанстық жаңалықтарды, фактілерді, сандарды тұрақты мониторингілеу және тексеру, жария тұлғалардың өтініштері-сенімділік тұрғысы және өтірік, шындық, жартылай шындық, манипуляция, үкімсіз-тексеру әдістемесін сипаттай отырып және дәлелдер келтіре отырып, редакция «үкімін» жариялау тәрізді іс-қимылдарының туындау тетігі, солармен сауатты жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерінен құнды сабақтар алды.

Әр дәрістер соңында берілетін практикалық тапсырмаларға қатыспаған, ой-ұсынысын бөліспеген БАҚ өкілі қалмады.

Әрбір  тренердің өзіндік ешкімге ұқсамайтын ұғымды да пайдалы жаттықтыруларынан әр журналист өз жұмыстарына өзінше тәжірибе толықтырып, біліктіліктерін арттырып қайтты.

Форум соңында қатысушыларға үшкүндік семинар-тренингтерге белсенді қатысқандары үшін кішігірім марапат ретінде сертификаттар табысталды.✅

Шара “Қазақстан” шипажайының ауласындағы фотосессиялармен аяқталды.

Үш күндік жайдарлы жүздесуге көпэтносты Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі сала журналистері осындай шараны ұйымдастыруға мұрындық болған  “Қоғамдық келісім” республикалық мемлекеттік мекемесі мен ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі, сонымен қатар, өңірлік журналистердің өтінішімен шараның ұйымдастарылуына басшылық еткен Марат Алмасұлы Әзілхановқа орасан зор алғыстарын білдіріп, өз аймақтарына рухани азық, толыққан тәжірибе, мол ұсыныстар, тың идеялармен тарқасты.

”Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс” бөлімі