БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР

2023 жылдың 8 ақпанында «Достық үйі» КММ-де Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы өзбек жұртшылығының жалпы жиналысы өтті.

Жиын барысында «Тараз қаласының өзбек орталығы» ҚБ төрағасы Абдурахман Зайнутдинов өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша облысымыздағы этномәдени бірлестіктер арасында «Татулық және келісімім» байқауының Жамбыл облысы әкімінің гранты бойынша екінші орын иеленгендерін атап өтті.

А.Зайнутдинов өз сөзінде өзбек жұртшылығын топтастыруға және өткізіліп жатқан шараларға белсенді қатысуға тоқталды.

Бұл, спикердің айтуынша, аталмыш бірлестіктің жұмысын тиімді етуге септігін тигізеді.

Осы мақсатта отырыс барысында алқалы басқару органы – «Кеңғаш» үйлестіру кеңесі, алқа және тексеру комиссиясының құрамы құрылды.

Жиылғандар 19 ақпанда «Тараз қаласының өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігі өзбек этносының күнін өткізу туралы шешім қабылдады.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы