БІРЛІК – ӘРТҮРЛІЛІКТЕ
Елімізде өмір сүретін барлық этнос өкілдері тұтас бір ұлыс. Қазақ елі – бірлік пен татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің,достықтың Отаны. Мемлекет басшысы баршамызды тонның ішкі бауындай жақындықта өмір сүріп қана қоймай, «Бірлік – әртүрлілікте» деген ұранды ұстануға шақырған болатын.
Қазақ халқына тән қасиеттер–кеңпейілділік,қонақжайлылық,өзге халықтар мен өркениеттерге құрметпен қарау.Бұл айтылғандарға «Қазақстан Республикасы күрдтері» Барбанг қауымдастығы» өңірлік қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы ретінде нық сеніммен қосыламын. Қазақ халқы атын атап,түсін түстеп бірде-бір ұлт өкілін бөлектемейді.
Сонымен қатар, облысымызда өмір сүріп жатқан өзге де этнос өкілдерімен татулықта,ұйымшылдықта өмір сүріп келеміз.Күні кеше барша облыстағы этнос өкілдері жиылып Тараз қаласының «Баласағұн» Орталық концерттік залында көрермендерді нағыз сиқырлы қысқы ертегіге баурап алған дәстүрлі «Рождество» мерекесін бір отбасыдай атап өттік.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін 1 наурыз- Алғыс айту күнін,1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекелерін жан аянбай барша ұлт өкілдері бірігіп,жұмыла атқарып шығамыз. Бұл мерекелерде біздердің арамыздағы сыйластық пен татулықты анық көруге болады. Қоғамдық бірлестіктер ұлтаралық келісімді сақтау-күнделікті жұмыс екенін біледі. Татулық,сыйластық және қонақжайлылық – бұл құндылықтарды өңірде тұратын барлық этностар бір-бірінен шын пейілмен қабылдайды.Ұлттық мәдени орталықтардың,қоғамдық бірлестіктердің және бейбіт,гүлденген елде өмір сүргісі келетін әділ қазақстандықтардың сан алуандығына қарап,біз орасан зор күшпіз десек те болады.Қазақ еліне әрбіріміздің алғысымыз шексіз!
Қорытындылай келе,бұдан әрі де бірлікте,ынтымақтастықта,татулықта өмір сүрейік дегім келеді.
«Қазақстан Республикасы күрдтері» Барбанг қауымдастығы» өңірлік қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы
Сартиф Алиев