Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» тақырыбында ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. 2020 жыл Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Ассамблея барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған қасиетті мекен. Азаматтық татулық пен этносаралық келісім мемлекетіміздің басты саясаты. Өкінішке орай, қазіргі қиындау жағдайға байланысты айтулы мерейтойды кең көлемде атап өте алмаймыз. Дегенмен де, бейнебайланыс режимінде өткен кеңестің өзінде ұлтаралық достықтың қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екенін аңғара білдік.

Жамбыл облысы ҚХА мүшелері елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері өз ұйымшылдықтарын көрсетуден тайған емес. Оған дәлел ретінде атқарылып жатқан қаншама акциялар мен қайырымдылық жұмыстарын айтуға болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жыл бойы түрлі этностардың күш біріктіруін қамтамасыз етіп, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және әрі қарай дамытуын қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда Жамбыл облыстық ассамблея мүшелерінің көбі дерлік қазақ тілінде еркін сөйлей алады десем қателеспеймін! Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде этнос өкілдері бірлікте боларына кәміл сенемін!

Абдуллаев Дуниядар Мизамович

Жамбыл облыстық ҚХА және

облыстық «Ахыска» түрік этномәдени

бірлестінің мүшесі