БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ТУРАЛЫ

Жыл сайын, 1 наурыз – Алғыс күні қарсанында облысымыздағы білім ошақтары, кітапханалар әртүрлі тақырыптарға сай, дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналған.

Биыл да осы дәстүр өз жалғасын табуда, бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары Медиация кабинетінің меңгерушісі Досыбиева Валентина мен Көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира қаламызда орналасқан қалалық кітапхананың № 5 филиалының ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» атты тақырыпта дөңгелек үстелдің қонағы болып қайтты.

Іс-шараға «Тараз Болашақ» жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері қатысып Қазақстан халқы ассамблеясының тарихы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің атқаратын қоғамдық жұмыстары жайлы, алғыс айту күнінің маңыздылығы жайлы ақпарат алып, қойылған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара еркін форматта өтіп, студенттерді түрлі ойындар мен музыкалық бағдарламалар қызықтырды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: студенттерді қайырымдылық дәстүрлерге баулу, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екендігі насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында кітап көрмесі ұсынылып, студенттер жақын жандарына алғыстарын білдірді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі