«Берекелі шаңырақ» жас отбасылар байқауы өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурызда №511 жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген болатын.

Отбасы күніне орай Жамбыл облысы ҚХА қолдауымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және «2019- Жастар жылы» негізінде  облыстық этномәдени бірлестік жас отбасыларының  арасында  «Берекелі шаңырақ» атты  семинар-тренинг фестиваль байқауы өтті. Жыл сайын жас отбасыларды басын біріктіріп бабы мен бағын жарыстыратын дәстүрлі сайыс бұл жылы семинар-тренинг фестиваль байқау түрінде өз жалғасын тапты.

Фестивалдің мақсаты отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, этномәдени бірлестіктердің үздік жас отбасыларын анықтау және көтермелеу, жас отбасы институтын қолдау болып табылады.

Шараға жас отбасылар, жастар саясаты жөніндегі сарапшылар, республикалық және қалалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мүшелері, жастартар қанаты  және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль оқыту курсы және фестиваль-байқау бойынша екі бөлімде өтті. Бірінші бөлімде қатысушыларға «Отбасы институтының қоғамдағы рөлі» тақырыбында жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша практикалық құралдарды меңгеру үшін дәріс оқылды. Сондай-ақ, қатысушылар аудиторияның проблемаларын анықтауға, өмірде болып жатқан түрді отбасылық мәселелерді шешуге  және талқылауға бағытталған тренингке қатысты. Аталған дәріс пен тренингті Жамбыл облысы бойынша «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын қолдау орталығының үйлестірушілері ұйымдастырды.

Ал, екінші бөлімде этникалық отбасылық дәстүрлерді білу, қатысушылар оқыту курсы кезінде алған білімдерін, психологиялық икемділігін және күрделі отбасылық мәселелерді шеше білуін саралау мақсатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.

Қатысушылардың байқау барысында әділ бағаларын беріп отыру үшін әділқазылар алқасы құрылды. Қазылар құрамында «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын қолдау орталығының үйлестірушілері Ильясова  Адемэ, Рапылбекова Мира және Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы болды.

Мухаббат Сайдуллақызы «Отбасы мемлекеттің шағын ұяшығы. Отан болу отбасынан басталады. Демек әр отбасы өз жанұясының іргетасын мықтап қаласа мықты Отан құрылады деген сөз. Ендеше сендердің міндеттеріңде осы. Құрған отбасыларыңның шаңырағын биік етіп, керегелерін кең, терезелерін тең етіп ұстау. Отбасыда әр адамның өзіндік міндеттері болады. Ері отбасының қорғаны, тірегі, қамқоршысы бола білу керек. Сол секілді әйелі де отбасының шырағы, жылуы, балалардың тәрбиешісі, ұйытқысы болуы тиіс.Бұл байқауды өткізу жылда дәстүрге айналған. Биылғы жылы бұрынғыдан өзгерек өтті. Оған баршамыз куәміз»-деді, марапаттау сәтінде.

Жиырма жас отбасы бақ сынасқан бәсекеден нәтежиесінде I орын ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы филиалы» қоғамдық бірлестігінен Алиевтердің шаңырағына бұйырды. Дәрежесіне сай мәреден бірінші көрінген отбасыға соңғы үлгідегі телевизор тарту етілді. II орын «Жамбыл облыстық «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен Шабденбектердің қанжығасына байланды. Жүлделді орынға шаңсорғыш тұрмыстық техникалық құралы тарту етілді. Ал, ІІІ орынды «Жамбыл облыстық «Коре» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінен қатысқан жас отбасы елшіледі. Жеңісті жұп қысқа толқынды пешке ие болды. Қалған он жеті қатысушының жетеуіне белсене қатысқаны үшін ыдыс-аяқ жабдығы берілсе, он қатысушыға тоқпен қайнатылатын шәйнек тарту етілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыға сертификаттар мен дипломдар табысталды.

Марапаттау салтанатынан соң шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертте «Үкілім-ай» би ансамблі, Жанболат Таласбай және «Болашақ» вокалдық триосы өз өнерлерін көрсетіп ән мен биден шашу шашты.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі