БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 19-20 шілде аралығында Талас ауданына “Бейбітшілік пен келісім” жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен жол тартты.

Жұмыс топ құрамында облыс әкімдігінің ІСБ қызметкерлері мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева мен аталмыш мекеменің бірқатар қызметкерлері мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали бар.

Олар бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында түрлі іс-шараларға қатысты. Мәселен, Қаратау қаласында орналасқан Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Мұнда қатысушыларға өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің жұмысы таныстырылып, кеңінен ақпарат берілді.

Бұдан соң, Талас аудандық этномәдени бірлестік өкілдерімен де кездесу жалғасты.

Қатысушылар қатарында- Неміс мәдени орталығының төрағасы Валерий Рихтер, Славян этномәдени орталығының төрайымы Надежда Некрасова, Корей этномәдени орталығының төрайымы Людмила Тен, Күрді мәдени орталығының төрағасы Хамза Мустафаев болды.

Кездесу барысында түйткілді мәселелер қарастырылды. Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытында әңгімелер де қозғалды. Жиынға қатысушылар көкейтесті сұрақтарын да қойып тыңғылықты жауаптарын алды.

Ал, Қасқабұлақ ауылдық округінде ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің сарапшылары Жазира Шілдебаева мен Рианна Жалпанова этнос өкілдері арасында әлецуметтік сауалнама жүргізіп, фокус-топтық зерттеулер жасады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі