БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Бүгін елімізде халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен қатар білім ордаларында соңғы қоңырау мерекесі атап өтілуде.

Осыған орай, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ҚХА Ақсақалдар кеңесі мүшелері мектептерде өткен соңғы қоңырауға арнайы бары, оқушыларға «Ақ бата» беру іс-шарасына қатысты.

Аталмыш кеңестің төрағасы – Асқарбек Сейілханов, Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылындағы орта мектепте, Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қаласындағы №4 орта мектебіне, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Орынбай Рысбаев Жамбыл ауданы Шайқорық ауылындағы орта мектепке барып оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, соңғы қоңырауда үлкен өмірге аяқбасуларына батасын беріп, оқушыларға сәттілік тіледі.

«Ақ бата» беру іс-шарасы этнос өкілдері тығыз орналасқан аудандардың елді-мекендердегі мектептерінде ұйымдастырылды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі