Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке бәрімізге қымбат, өйткені ол бірлікті, бейбітшілікті, достықты бейнелейді. Қазақстанның Бірлік күні қарсаңында Қазақстан халқының ХХХ, XXXI сессиялары өтіп, менің оған  қатысқанымның өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысының «Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық» дегені және «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде  қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз.  Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, – дегені бізге зор сенім артқаны. Бір адамның қолынан не келеді, Ол – жалғыз, біз – көппіз?! Ендеше, өз Президентімізді қолдайық! Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең бастысы қазақстандықтардың бірлігіне назар аударды, біздің қоғам өмірінің маңызды салаларын жаңғырту, ҚХА жұмысын қайта қалыптастыруға аса көңіл аударды. Біз қазақстандықтар ешқандай ұлтқа бөлінбестен оң өзгерістерді қолдаймыз, олар Отанымыздың игілігіне дәнекер. Көзделген ұсыныстар мен міндет-жұмыстардың жаңа формалары нәтиже береді деп сенемін.

Баршаңызды осынау 1 Мамыр –Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, денсаулық, табыс, әрқашан бейбіт өмір тілеймін Елімізге! Ортақ Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін!

Магомадов Рамзан Сапиевич,

Жамбыл облыстық «Вайнах» шешен-ингуш

этномәдени бірлестігінің төрағасы