Балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте өткен қайырымдылық акциясы

Жаңа жыл мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте өткен қайырымдылық акциясы туралы

АҚПАРАТ

2016 жылдың 6- қаңтарында сағ.16.30-да  Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепте (Тараз қаласы, Жалаири көшесі, 1-ші бұрылысы №21 үй) Жаңа жыл мерекесіне орай облыс ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім»КММ ұйымдастыруымен  қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық акциясының мақсаты аз қамтылған, көмек қажет ететін азаматтарға қолдау көрсету болып табылады.

Іс- шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік,БАҚ өкілдері қатысты.

Қайырымдылық акциясында  облыс ҚХА хатшылығының бас инспекторы З.Сембина, және этномәдени бірлестік өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында  облыс этномәдени бірлестіктері Жаңа жыл мерекесіне орай Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептегі тәрбиеленушілерге қайырымдылық сый-сяпатын жасады.

Іс-шараға барлығы 100 аса адам қатысты.