БАЛАЛАРҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ТОСЫНСЫЙ

Жаңа жыл қарсаңында 30 желтоқсанда төрағасы Махкам Орифов бастаған Жамбыл облысының республикалық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып тосынсый ұйымдастырды.

Кездесу барысында орталықтың тәрбиеленушілері де өз кезегінде қонақтарға жаңажылдық костюмдерін киіп, дайын тұрған мерекелік концертімен кері байланысқа шығып, әдемі ән-бимен өнерлерін көрсетті.

М.Ж.Орифов барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, зор денсаулық, амандық және оқуларына мол табыс тіледі.

Сондай-ақ, мерекелік торт, жаңажылдық сыйлықтар —түрлі ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.

Аталмыш орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік концерттен кейін Тәжіктер этномәдени орталығына зор алғыстарын білдірді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі