Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы мәдениет  үйінде Қазақстан Халықтары тілдерінің аудандық «Халықтар достығы» фестивалі өтті.

Аталған  фестивальдің мақсаты – ауданда тұратын этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытып қолдау және таныстыру, ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі ұлттық саясатты насихаттау, жастардың рухын көтеріп шығармашылық белсенділіктерін арттыру сондай-ақ, этномәдени орталықтардың жетістіктерін көрсету.

Салт-дәстүрмен сабақтасып, ұлттық өнермен ұштасқан фестивальге «Архыз» РҚБ Жамбыл облысындағы «Бірлік-Қарашай балқарлары» филиалынан Аминат пен Руслан Кудаевалар және Ясмин Есенкулова қатысты. Олар «Лезгинка» биін билеп, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жатқа орындады.

Жеңімпаздар дипломдар мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы