Бүгін үстіміздегі жылдың 16 қарашасында Полиция департаментінде Жамбыл облысының полиция бастығы Жанат Сүлейменов облыстық ҚХА және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Іс-шара Қазақстанның Х – Азаматтық форумы қарсаңында өтті. Қатысушылар арасында ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, облыс әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи өз сөзінде қазіргі қоғамдағы негізгі және тәрбиелік мәселелерге көп тоқталды. Бұған қоса, алдағы міндеттер мен жобалар туралы да өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Н.Шанаи этномәдени бірлестіктердің, ҚХА Аналар кеңесі мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар құқық қорғау органдарының жұмысы, жұмыс жылдарында не істелгені, полицияның күнделікті тыныс-тіршілігі туралы құлағдар болды. Сондай-ақ, кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. Бұдан соң, іс-шараға қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылып, олар департаменттегі жедел басқару орталығының жұмысын көрді. Полиция департаментінің мұражайына экскурсияға барды. Мұражай экспонаттарының ішінде – мұрағаттық құжаттар, фото және бейнематериалдар, техникалық және т.б. құралдар тамашаланды. Олардың барлығы құқық қорғау органдарының қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі кәсіби қызметін көрсетеді. Кездесу жемісті өтті. Іс-шара барысында қатысушылар көптеген қызықты мәліметтермен танысып, тиісті сұрақтарға орынды жауаптар алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ баспасөз орталығы