АЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БОЙЫНША КУРСТАР ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында Жамбыл облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез-келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Аталған жоба аясында ағымдағы жылғы 30-31 шілде аралығында Zoom платформасында этнос өкілдеріне арналған 8 сағаттық қазақ тілін оқыту бойынша курстар өтті. Осыған орай біздің өңірден 20 этнос өкілі қатысты.

Сондай-ақ, қатысушыларға курсқа қатысқандығы туралы сертификаттар табысталды.