Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен құттықтаулар акциясы басталды

Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен  құттықтаулар акциясы  басталды.
Соның бірегейі — 2019 жылдан бері аталмыш мекемемен қолға алынып, ілгерілетіліп келе жатқан  облыстық  «Ассамблея бөбектері» жобасы.
Аталмыш жоба аясында  Тараз қалалық  №33  «Айсәуле»  бөбекжай-балабақшасындағы өзге этнос өкілдерінің бүлдіршіндері өз туған еліне, жеріне мемлекеттік тілде алғыс айтты.
Жалпы, “Ассамблея бөбектері” жобасы мен бұл құттықтау акциясының мақсаты — жас ұрпаққа «Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру, «Ассамблея бөбектері» жобасы бойынша «достық үйі»,  «ассамблея», «этнос», «алғыс айту» деген ұғымдар жөнінде бүлдіршіндердің түсініктерін бекіту, бейбітшілік, достық, бірегейліктің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, оның әлеуметтік мәнділігін ұғындыру.
Сондай-ақ, балабақша бөбектерінің түрлі іс-шараларда өз өнерін, қабілетін көрсетуі арқылы белсенділіктерін арттыру, таланты мен талабын зерделеу, балаларды өзін-өзі тануға, өзін құрметтеуге үйрету, өздерін жеке тұлға ретінде көрсете білуге дағдыландыру.
Бұған қоса, өз туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастырып, сүйіспеншіліктерін арттыру және халық бірлігін нығайту, этносаралық ынтымақты сақтау.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі