Айгүл Қабиевна құттықтау

Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын. Елбасымыз елішілік қатынастарда, сондай-ақ сыртқы саясатта да осы бастамасын сөзімен де, ісімен де жандандыруға бар күшін салды. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, өз ниетіне қарай Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерген екен. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған тарихи жетістік!
Бұл жаңалық, қазақ халқы үшін зор сүйінші іспеттес. Қазақ елім, дана елім үшін мақтана да, масаттана да отырып, Тұңғыш Президентіміз, мемлекет көшбасшысы – аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлын осынау баға жетпес жаңа мәртебесімен құттықтаймын! ​Бұл лайықты мәртебе тек Елбасына ғана емес, күллі қазақ еліне берілген ризық, береке!
Жер жүзін бейбітшілік жайласын, адамзат!

Жамбыл облыстық «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының
мүшесі, Аналар кеңесінің өкілі Кабиева Айгүл Кабиқызы