Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы 15 одақтас республика өзінің даму жолына түсті. Көптеген елдерден айырмашылығы, Қазақстан әрқашан өз бағытынан тайған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын дағдарыс кезеңі деп атауға болады. Түрлі экономикалық қиындықтар болды, адамдар айлап жалақы алмады, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Осы кезеңде Қазақстанға елдің ахуалын түзетіп, дұрыс экономикалық жол таба алатын тұлға қажет болды. Ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сол тұста Мемлекет басшысы «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» қағидасы бойынша әрекет ете бастады. Қазақстанның инвесторларды тарту арқылы экономикалық батпақтан шыға бастаған жылдары жақсы есімде. Бірақ экономикалық мәселеден де басқа бірқатар түйткілдер күн тәртібінен түскен жоқ. Саяси жүйені де жетілдіру қажет болды. 90-шы жылдардың басында қазақстандықтардың шет мемлекеттерге көшіп кету деректері көбейгенін көзімізбен көрдік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара тиімді іс-қимыл жасап, халықтың бірлігін нығайту мақсатында жұмыс істейтін институт құру қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Осылайша, 1995 жылы наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Жуырда өзге де дамыған мемлекеттер біздің елдің осындай ұйымдарды құру тәжірибесін енгізе бастады. 25 жыл ішінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ел үшін үлкен рөл атқарды. Расында, біздің жағдайымыз шат-шадыман, көрші елдермен қақтығыстарға бармаймыз. Тұрақсыздықтың көптеген мысалдары бар. Көрші Қырғызстанда, Украинада, Белоруссияда, Арменияда және Әзірбайжанда болған оқиғаларға көз жүгіртуге болады. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, бұл ретте біздің Тұңғыш Президентіміздің атқарған істері орасан. Ол тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Халықаралық аренада Қазақстан өзге мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу процестерінде маңызды рөл атқарады. Бізде көптеген ұлтаралық және конфессияаралық форумдар өткізіліп тұрады. Бұл біздің елдің толеранттылық деңгейін көрсетеді. Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруда. Ол бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында нәтижелі еңбек етуде. Мен барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл – ел үшін маңызды дата. Нұрсұлтан Әбішұлы тілге тиек еткендей, елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, басымызда көк аспан орнасын!